Бағдарламасы Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата11.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#73352
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі менеджмент»



Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының 
басшыларына арналған «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім 
берудегі менеджмент» біліктілікті арттыру курсының білім беру 
бағдарламасы
 
1. Жалпы ережелер 
 
1. «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі менеджмент» 
тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы 
(бұдан әрі - Бағдарлама) білім беру ұйымдары басшыларын оқытуға 
арналған. 
2. Білім беру бағдарламасы білім мазмұнын жаңарту жағдайында 
педагогикалық жүйені басқаруды стратегиялық жаңалауға, жахандық 
менеджмент негізінде мектепті тиімді басқаратын мемлекеттің, еңбек 
нарығының сұраныстарын қамтамасыз етуші менеджерлер даярлауға 
бағытталған. 
Бағдарламаның өзектілігі – білім беруді жаһандандыру мен 
ақпараттандыру 
дәуіріндегі 
қоғамның, 
әлеуметтік 
серіктестердің 
қажеттілігіне бағытталған білім беру ұйымын тиімді басқарудың жаңа 
модельдері туралы білім қалыптастыру.
2. Глоссарий 
 
Басқару парадигмасы – ғылыми тұжырымға негізделген негізгі идея, 
ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми қауымдастық тарапынан 
қабылданған болжамдардың мәнін түсіндіру және ғылым тану үрдісінде 
пайда болатын мәселелерді шешу, модель, стандарт (қалып) ретінде 
пайдаланылатын теориялық және әдіснамалық ереже. 
Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесіндегі басқару.Оның 
ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдері және жалпы 
педагогикалық жүйені басқару: жоспарлау, реттеу, бақылау, басшылық 
жасау, ұйымдастыру өнері. 
Инновациялық менеджмент – бұл бәсекелі қоғамдық қажеттіліктерді 
қанағаттандыратын және бірқатар әсерлерді (экономикалық, ғылыми- 
техникалық, әлеуметтік, технологиялық) беретін принципті жаңа немесе 
модификацияланған құралдарды (жаңалықтарды) құру мен игерудің 
(енгізудің) қорытынды нәтижесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет