Пәнге кіріспе Жалпы психология пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық принциптері. Психика тіршілік иелерінің объективті болмысты бейнелеу формаларының бірі екендігі жайлы түсінік. Тірі және өлі дүниені бейнелеу формалары. Психология жануар мен адамдардың іс-әрекетіндегі психикалық бейнелеудің құрылымы мен пайда болуы туралы ғылым ретінде. Психиканың негізгі функциялары. Сана және бейсаналылық. Психологияның әдістері.
Психика мен сананың пайда болуы мен дамуы Психиканың объективті ақиқатты бейнелеу ретінде жалпы түсінігі. Психология тарихындағы психиканың критерийлерін іздеу. Психика болуының субъективті және объективті критерийлері. Сезгіштіктің психиканың қарапайым формасы ретіндегі түсінігі.
Психиканың даму кезеңдері. Туа біткен және жеке дара өзгермелі міне-құлық. Жануарлардағы инстинкт, үйрену және интеллект ұғымдары. Жануарлардың іс-әрекеті және оның эволюция барысындағы күрделенуі жөніндегі түсінік. Жануарлардағы бейнелеу формалары.
Сананың пайда болуы мен дамуы. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік мәні. Психология және философиядағы сана мәселелері. Сананың түрлері, типтері және формалары. Сананың туындау шарты: ұжымдық еңбек іс-әрекеті және тіл. Сана және іс-әрекет бірлігі принципі.
Сана және бейсаналылық Сана және бейсаналылықтың пайда болуы мен дамуы. Сана және саналанбайтын психикалық процестер. Іс-әрекетті реттеудегі саналанған және бейсаналық үрдістер арасындағы арақатынас.
Іс-әрекет психологиясы Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекет құрылымының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Іс-әрекеттің заттылығы. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің бастапқы және негізгі формасы ретінде.
Іс-әрекетте психикалық бейнелеудің туындауы және функциясы. Саналы мақсатқа жетуге бағытталған үрдістер ретінде әрекеттің сипаттамасы. Әрекетті орындау тәсілдері (операциялар) және олардың жағдайлар мен мақсатқа жету құралдарынан тәуелділігі.
Әрекет адам іс-әрекетінің бірлігі ретінде. Әрекетті (операциялар) орындау тәсілдері. Ақыл-ой операциялары.