Оқу үрдісінде психологиялық-педагогикалық практиканың орнын анықтау
Психологиялық-педагогикалық практика студенттерді болашақ бастауыш мұғалімдерін дайындауда педагогикалық тәжірибенің алғашқы кезеңі болып табылады. Педагогикалық-психологиялық пәндерді меңгеру барысында студенттер жалпы педагогикалық білімдер жүйесін меңгереді және педагогикалық бағыттағы ойлау жүйесін қалыптастырады. Практика барысы Жезқазған және Сәтпаев қалаларының жалпы білім беретін мектептерінде өтіледі.
Қала мектептері мен кафедра арасында келісім шарт жасалады. Кафедрада практиканы жүргізетін оқытушы-әдіскерлерін бекітіп, практиканың өту орнын анықтап, қызметтік хат жолданады.
Психологиялық-педагогикалық практика психологиялық және педагогикалық пәндердің базасы негізінде жүзеге асады. Студенттер оқытушылармен бірігіп, психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастыруды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |