Бағдарламасы келісілді гпи директоры Абиев Б. К


Практиканың мақсаты мен міндеттері



бет2/30
Дата06.01.2022
өлшемі0,9 Mb.
#12690
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
психологиялық-педагогикалық практика ПМНО

Практиканың мақсаты мен міндеттері

Педагогикалық тәжірбие теория жүзінде алынған білімдерді және білім беру мен тәрбиелеудегі нақты бір міндеттерді болашақ мұғалім ретінде шешуге бағыталған.

Бастауыш сынып оқытушыларының өз кәсіби міндетін қалай атқаратынын бақылай отырып, студент бірінші курстың өзінде мұғалімнің шеберлігіне, тәрбие және білім беруде қолданатын әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ оқушылар ұжымымен жұмыс істеу әдістерін, жеке баламен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады.

Психологиялық-педагогикалық практиканың мақсаты: жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету, теориялық білімдері негізінде педагогикалық іскерлік, дағды және құзіреттіліктерін қалыптастыру. Практика студенттің жалпы ғылыми, дидактикалық, пәндік және психологиялық-педагогикалық дайындығын байланыстыруға бағытталған.

Психологиялық-педагогикалық практиканың міндеттері: студент-терді сынып жетекшілік қызметке баулу; білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының қазіргі жағдайын оқып-үйрету; ұжыммен, оқушылармен қарым-қатынас орнатуға үйрету; тәрбие жұмысының әдістемелерін пайдалануға үйрету; оқушылардың жасерекшелік және жеке ерекшеліктерін оқып-үйренудегі әдіс-тәсілдерін меңгерту; тәрбие мәселелері бойынша студенттердің педагогикалық рефлексиясын дамыту; болашақ педагогтарды кәсіби маңызды тұлғалық қабілеттерге тәрбиелеу.

Студенттің іскерлікті меңгеруі:

- сабақ, сыныптан тыс сабақтар және тәрбие шараларын жоспарлайды, сабақтың ( конспектісі) мәтінін, шаралар бағдарламасын жасайды;

- әдістемелік әдебиеттермен, оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу, сабаққа ТҚО мен көрнекі құралдарды, материалды іріктеу;

- оқушылардың физикалық және психикалық дамуын ескеріп, мұғалімнің тиімді жұмыс түрлері мен әдістерін таңдауын бақылау;

- оқушылардың даму деңгейіне диагностика жүргізу;

- жеке қызметінің нәтижесіне өзіндік талдау және өзіндік баға беруді іске асыру;

- педагог-психолог ретінде өзін қалыптастыру;

- кәсіптік іс-әрекетте кәсіптік адекватты ұстанымдарды таңдау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет