«6М020900 - ШЫҒЫСТАНУ»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН
БАҒДАРЛАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
Оқуға түсу емтихандарының бағдарламасы «Классикалық және қазіргі заманғы
шығыстану», «Базалық шығыс тілі» және «Оқитын ел тарихы» пәндері бойынша магистрды
дайындаудағы білім беру бағдарламасының мазмұнын қамтиды.
«Шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсу
емтиханының мақсаты
бакалавариат оқу барысында жинақтаған білім қорын анықтау болып табылады. Сондай-ақ
магистратураға түсуге талапкердің бакалавриат білім беру бағдарламасын оқу барысында
қалыптасатын арнайы біліктілікті табысты меңгеруге қажетті жалпы біліктілігінің сай екенін
бағалау болып табылады.
Емтихан міндеттері:
мамандық бойынша және басқа пәндер бойынша теориялық және практикалық білім
алу үшін шығыстану ғылымының теориялық негізін меңгеруін бағалау;
шығыстану ғылымының тарихы
мен қазіргі жағдайы, ғылыми орталықтар мен
мектептер жөнінде түсінігі болуын анықтау;
шығыстануға қатысты терминдерді білуін анықтау;
ақпаратты сараптай алу және нақтылауға, іздеуге деген болашақ магистранттардың
қабілеті мен дайындығын бағалау;
оқуға түсушілердің бакалавр білім беру бағдарламасындағы оқу пәнін ұғынғанын
бағалау;
магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушінің
оқуға деген
ынтасын, талабын анықтау.
Бұл үшін оқуға түсушілер өздерінің шығыс тілінің негізгі курс теориясына қатысты
білімдерін, әр түрлі тақырып бойынша ауызша және жазбаша қатынас деңгейіндегі тілді
практикалық тұрғыда қолдану машықтарын көрсетулері қажет. Оқитын елдің тарихи дамуын,
оқитын елдің әлеуметтік-экономикалық
және саяси дамуын, Шығыс елдерінің дүниежүзілік
шаруашылық-саяси жүйесіне интеграциялану кезеңіндегі бұл елдердің тарихындағы негізгі
мәселелері жайында білулері қажет.
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы шығыс тілін меңгерудің классикалық схемасы
есепке алына отырып жасалған: біртұтастық пен сабақтастық, бөлімдердің өзара қарым-
қатынасы, дара құбылыстарын және ерекшеліктерін жүйелеу. Бағдарлама оқуға түсушінің
оқитын шығыс тілімен байланысты
елге ерекше көңіл бөле отырып, шығыс қоғамдары мен
мемлекеттерінің ерекшеліктері бойынша, діни даму, халықтың саяси санасы, саяси институттар,
саяси
партиялар, сыртқы саясат, экономика, т.б. бағыттары бойынша білім деңгейін анықтау
мақсатында құрастырылған.
Сонымен қатар, берілген бағдарлама болашақ магистр-
шығыстанушылар үшін негізгі пән болып табылатын «Классикалық және қазіргі заманғы
шығыстану» курсы бойынша білім деңгейін анықтауға бағытталған.