4. ЕМТИХАН ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
«КЛАССИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ШЫҒЫСТАНУ»
1. Шығыстану ғылымы. Азия және Солтүстік Африка халықтарының тілі, тарихы,
философиясы, діні, мәдениеті, өнері, әдебиеті, экономикасы және қазіргі ішкі және сыртқы
саясатын оқып-зерттейтін ғылыми пәндердің тобы ретінде.
2. Шығыстану ғылымының салалары: арабтану, жапонтану, қытайтану, үндітану,
түріктану, корейтану, ирантану, семиттану және т.б.
3. Европадағы шығыстану. Теориялық және практикалық мақсаттарды қамтамасыз
ететін ғылым ретінде шығыстанудың пайда болуы. Әрт‰рлі мамандар даярлайтын алғашқы
шығыстану мекемелері.
4. ХҮІІІ ғ. Батыс Европада (бірінші кезекте отарлаушы елдерде) шығыстанудың
пайда болуы және оның ХІХ ғ. ортасынан бастап белсенді дамуы. Европадағы шығыстану
ғылымының сыртқы саясат арқылы жандандырылуы. Шығыстанушы ғалымдардың Шығыстың
көне мәдени ескерткіштерін европалықтарға жеткізуі. Европацентризм концепциясын бұзу,
өркениеттердің бірін-бірі өзара байытуына қолдаудың тууы.
5. Қазіргі заманғы белгілі батыстық шығыстану мектептері. Ірі орталықтар. Оксфорд,
Кембридж, Берлин университеттерінің ғылыми орталықтары. Америка Құрама Штаттарындағы
шығыстану орталықтары.
6. Россиядағы шығыстану ғылымы. Россиядағы шығыстанудың елдің Шығыстағы
сыртқы саяси мүдделерімен байланысы. Ресей шығыстану ғылымының әртүрлі бағыттарының
негізін салушылар.
7. Россия шығыстану ғылымының қалыптасуының үш негізгі қайнар көзі: а)
дипломатиялық ведомостволар мен сыртқы сауда мүдделеріне қызмет ететін практикалық
шығыстану. б) Россия империясының құрамына енетін шығыс халықтарының дәстүрлі ғылыми
мектептері. в) Ресейге Батыс Европадан ғалымдар шақыру арқылы дамыған батыс шығыстану
ғылымы, батыс ғалымдарының аударма еңбектері және ғылыми зерттеулерінің орыс тілінде
жариялануы.
|