Бағдарламасы Мамандығы: 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу Біліктілігі: 3W07230102 Арнайы тігінші



бет1/9
Дата04.09.2023
өлшемі72,87 Kb.
#105976
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы Мамандығы 07230100 Тігін өндірісі және -emirsaba.org


Білім беру бағдарламасы Мамандығы: 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу Біліктілігі: 3W07230102 Арнайы тігінші

Қызылорда облысының білім басқармасы


Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Білім беру бағдарламасы
Мамандығы: 07230100 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Біліктілігі: 3W07230102 – Арнайы тігінші
Қызылорда 2021ж

Авторлар-әзірлеушілер:
Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінің Арнайы пән оқытушысы: Байдилдаева Гульсара Орынбасаровна
Өндірістік оқыту шебері: Келесбаева Гулнар Иманбековна


Сарапшы:
Мазмұны
  1. Кіріспе

  2. Пайдаланылған таңбалар мен қысқартулар

  3. Білім беру бағдарламасының паспорты


  4. Құзыреттілік бейіні


  5. Маманның құзыреттіліктер тізбесі


  6. Маманның құзыреттіліктер мен оқыту нәтижелерінің тізбесі


  7. Білім беру бағдарламасының модульдері туралы ақпарат


  8. Модульдер бойынша жұмыс оқу бағдарламалары


  9. Кредиттік-модульдік оқытудың оқу процесінің кестесі


  10. Бюджет бойынша жиынтық көрсеткіші


  11. Оқу процесінің жұмыс оқу жоспары


  12. Тәжірбие базалары




Кіріспе
Білім беру бағдарламасы 07230100 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 3W07230102 – «Арнайы тігінші» біліктіліктері бойынша білікті жұмысшы кадрлар мамандарын дайындауға арналған.

Осы білім беру бағдарламасы 07230100 - Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша оқытудың мазмұнын айқындайтын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы нормативтік құжаттарына, қаулыларына сәйкес әзірленді.


  • Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 23.07.2021 № 362 бұйрығына 1-қосымша өзгерістер енгізілген.


біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығына 08.04.2021 № 157 бұйрығымен өзгерістер енгізілген.


  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығына 15.09.2021 № 469 өзгерістер енгізілген.


  • «Тігін өндірісі» кәсіби білім беру стандарты Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық


кәсіпкерлер палатасы Төрағасының Орынбасарының №2 қосымша Бұйрық №_____сәйкес,


Кәсіптік стандарт (КС) – нақты кәсіптік топта (кәсіптік қызмет саласында) немесе кіші топта (еңбек қызметі түрінде) біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық біліктілік шеңберлері негізінде жүргізеді және оларды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы бекітеді. (ҚР Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағы).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануға және сәйкестікті растау мен біліктіліктер берудің кешенді жүйесін іске асыру үшін тиісті кәсіптік стандарттар болған кезде талаптарды ескеруге тиіс. (ҚР Еңбек кодексінің 118 Б. 1-1 т.).
"Атамекен" ҚР ҰКП "мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асырады". ("Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы"ҚР Заңының 13-бабының 4-тармағы)
  • WorldSkills Қазақстан Шеберлік 31, Сән технологиясы (Fashion Technology),


WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына 26.07.2021 № 366 өзгерістер енгізілген. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, модульдік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі оқу жоспары моделінің негізінде оқу нысаны мен мерзімін көрсете отырып белгілі бір бейін, мамандық және біліктілік бойынша әзірленген оқу жұмыс жоспарлары.


  • Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін


атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 456 бұйрығымен бекітілген «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» кәсіби стандарты кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге; кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға негізделген.


Бағдарлама білім беруде оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейтуге арналған, сондай ақ еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартып, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды орындауға мүмкіндік береді.
Модульдік-құзіреттілік тәсіл негізгі білім беру нәтижелері түрінде оқу орындарыныңбілімм алушыларын оқыту мен құзіреттілігін бағалауды әзірлеуге, оқытудың сараланған тәсілін пайдалану.
Білім беру бағдарламалары-кәсіптік стандарттар негізінде оқыту бағдарламаларын іске асыруға құқығы бар кәсіби білім беру ұйымы үшін 3W07230102 – Арнайы тігінші мамандығы бойынша білікті жұмысшыларды даярлау бағдарламасын іске асыру құқығына білім беру қызметін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар білім беру ұйымы ие.
Осы Білім беру негізінде білім беру ұйымы жұмыс оқу жоспарлау құжаттамасы үшін тиісті әдістемелік ұсынымдарды пайдалана отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлейді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: кез келген мекемелер мен кәсіпорындардың ұйымдастырушылық басқару міндеттерін, Тігін өндірісінде еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды орындайтын мамандар дайындау.
Білім беру бағдарламасының міндеті: 07230100 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 3W07230102 – «Арнайы тігінші», 3W07230101 – Тігінші біліктіліктері бойынша білікті жұмысшы кадрлар дайындау.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет