Мектеп жанындағы лагерь туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1.1. Ата-аналар (заңды өкілдері) өтініші бойынша жазғы кезеңде балаларды күндізгі уақытта қабылдайтын мектеп жанындағы лагерь құрылады.
1.2. Лагерь қызметі мекеме Жарғысымен, білім алушылардың тәртіп Ережесімен, осы Ережемен регламенттенеді.
2. Қызметтің мазмұны және ұйымдастырылуы 2.1.Мектеп жанындағы лагерь мекеме бойынша бұйрық негізінде ашылады және 1-4 сынып оқушыларынан толымдалады.
2.2. Лагерьде санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелер, техника қауіпсіздік ережесі қатал сақталады.
2.3. Лагерь жұмыс мазмұнының жоспары демократия және гуманизм қағидалары, дербестік және ынтаны дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша құрылады.
2.4. Лагерьде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбек тәрбиесі, спорт- сауықтыру жұмысын жүзеге асыру үшін жағдай жасалады.
2.5. Лагерь ұжымы өз бетімен күн тәртібін және қызмет бағдарламасын белгілейді.
3. Кадрлармен қамтамасыз ету 3.1. Мекеменің бұйрығы бойынша мекеменің педагогикалық қызметкерлер арасынан лагерь бастығы, оның орынбасары, тәрбиешілер, музыка жетекшісі, спорт-сауықтыру жұмысының жетекшісі тағайындалады.
3.2. Лагерь бастығы лагерь жұмысын басқарады, балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікті алады, құжаттарды жүргізеді.
3.3. Лагерь бастығының орынбасары тәрбие жұмысын ұйымдастырады, спорт және мәдени-ағартушылық мекемелермен байланысты жүзеге асырыды.
3.4. Тәрбиешілер, музыка қызметкері және спорт-сауықтыру жетекшісі лагерь жоспары бойынша тәрбие жұмысын жүзеге асырады, іс-шаралар өткізеді, күн тәртібін, тәртіп қауіпсіздік ережесі, өрт қауіпсіздік ережелері сақталуын қадағалайды.
4. Балалардың өмірі және денсаулығын қорғау 4.1. Лагерь бастығына, тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, спорт-сауықтыру жұмысы бойынша жетекшіге балалардың лагерьде болған уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік жүктеледі.
4.2. Лагерьде қызмет жасайтын педагогикалық қызметкерлер және балалар тәртіпті, күн тәртібін, тәрбие жұмысының жоспарын, техника қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздік ережелерін қатал түрде сақтаулары қажет.
4.3. Лагерь бастығы техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар қызметкерлерге, ал тәрбиешілер – балаларға өткізеді, нұсқаудан өткендер қол қояды.
4.4. Тамақтану нормалары негізінде тамақтануды ұйымдастырады. Лагерьдің жұмыс істеу уақытына, мекеме директорымен бекітілген тамақтану сапасының жауапкершілігі сарапшы комиссиясына жүктеледі.
4.5. Саяхаттар мен экскурсиялар білім беру мекеменің директорының сәйкес нұсқауы негізінде ұйымдастырылады.