Бағдарламасы Мазмұны: Цифрлы Қазақстан бағдарламасының өзекті мәселелері



бет2/3
Дата02.05.2023
өлшемі29,22 Kb.
#88848
түріБағдарламасы
1   2   3
Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жұмысының сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы ету.
Төртінші бағыт – IT-секторындағы білікті мамандарды дайындау.
Жалпы, мемлекеттік бағ­дар­ламаны негізгі тоғыз бағыт бо­йын­ша іске асырады. Олардың әрқай­сысына тоқталар болсақ, бірінші бағыт – әлеуметтік қатынастар саласын цифрландыру. Оның аясында әлеуметтік қорғау, жұ­мыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру мәселелерін цифрландыру көзделген. Екінші бағыт – Ин­­дустрия 4.0, яғни еңбек өнім­­ділігін арттыратын және ка­пи­­талдың өсіміне жол ашатын сер­­пінді технологиялар мен мүм­кіндіктерді пайдалана отырып, экономиканың дәстүрлі салалары қайта құрылады.
AgriTech – цифрлық тех­но­логияларды қолдану, ақылды фер­малар элементтерін енгізу, тұ­қымдық және генетикалық әле­уетті дамыту арқылы ауыл ша­руашылығы саласын қайта құ­ру, сондай-ақ қоршаған орта­ны және табиғи ресурстарды қор­ғау саласын цифрландыру ба­ғыты. Төртіншіден, GovTech тех­но­логиялық платформасын да­мыту арқылы мемлекеттің функ­цияларын халық пен бизнеске қыз­мет көрсету инфрақұрылымы ре­тінде қайта құру жоспарланған. Яғни халық пен бизнестің сұ­ра­нысын болжау, сондай-ақ де­рек­терді беру, сақтау және өң­деудің жоғары жылдамдықты әрі қор­ғалған инфрақұрылымы дамы­тылуға тиіс.
Smart city – қала ортасының сапасын жақсартуға, теңгерімді қала құрылысына және тұрақ­ты қалалық дамуға бағытталған қайта құру бағыты. Алтыншы бағыт – ішкі істер органдарын цифрландыру арқылы бұл құ­рылымның ашықтығын арттырып, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
FinTech – банк және қар­жы салаларындағы клиенттермен өзара іс-қимыл жасау үшін инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистерді қолда­на отырып, қаржылық қызметтер мен электрондық сауданы дамы­ту бағыты. Сегізінші бағыт – жа­санды интеллектіні дамыту. Бү­гінде деректердің қарқынды түр­­де көбейгеніне байланыс­ты оны дәстүрлі аналитикалық құ­­ралдармен тиімді пайдалану мүм­кін емес. Сол үшін шешім қа­былдау мен қызмет көрсетуде жа­санды интеллектінің көмегімен жаңа сапалы деңгейге көшу қа­жет, – дейді Цифрландыру депар­таменті директорының орынбасары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет