Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану



Pdf көрінісі
бет155/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдары мен деңгейлері туралы мәліметтер 
әдетте «деректер» деп аталады. Жинақталған жиынтық деректер мұғалімдердің жұмыс үлгісін 
сәйкестендіруіне  және  күтілетін  деңгейден  жоғары  немесе  төмен  дәрежеде  жұмыс  істейтін 
топтарға  ерекше  назар  аударуына  ықпал  етеді.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау 
жөніндегі  халықаралық  бағдарлама  (PISA)  және  ЭЫДҰ  сияқты  халықаралық  зерттеулер 
қатысушы-елдерден  оқушылар  міндетті  оқыту  курсын  аяқтаған  соң  игерген,  қоғам  өміріне 
толыққанды  қатысу  үшін  қажетті  білім  мен  икемділік  қандай  дәрежеде  екендігі  туралы 
«деректерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «деректерді» жинақтау әдістемесін 
біліп, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.
Сонымен  қатар,  алдағы  нәтижелерге  қалай  қол  жеткізілгенін  біліп,  одан  кейінгі  іс-
әрекеттерін  жоспарлау  үшін  де  мектептер  «деректерді»  жинайды.  Осылайша,  жеке  оқушы 
деңгейінде  жиынтық  бағалау  жетістіктер  деңгейін  және  оқушының  әрі  қарай  дамуы  үшін 
мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі 
кезеңдерде  оқушыларды  қолдауды  қамтамасыз  ету  басты  міндет  болатын  болса,  онда  балл 
мен  деңгейлерді  анықтау  үшін  ұсынылатын  негіздемелер  мен  өлшемдер  міндетті  түрде  аса 
мұқият  зерделенуге  тиіс.  Орындалған  тапсырманың  негізгі  аспектілеріне  қатысты  сапалы 
ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мыса-
лы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не 
істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; ал баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға 
алғандығын және бағалау критерийлерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің нәтижесін 
жақсарту  үшін  кейін  не  істеу  керектігін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
(сандық түрдегі) жиынтық бағалау басты мәселе емес, сондықтан мұғалім оларға негіз болған 
деректерге (қадағалау және интерпретация) қайтып оралады. Осыдан кейін мұғалім бұл де-
ректер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету 
керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы қалыптастырушы бағалау (ауызша түрде) 
жүргізеді.
Бағалау  сипатын  өзгерту  арқылы  оқуды  бағалау  оқу  үшін  бағалауға  ауыстырылуы 
мүмкін. Алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, 
оқу  үшін  бағалауды  ескере  отырып  жоспарланған  бағалаумен  салыстырғанда,  бұл  бағалау 
қолданылған мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға 
қарағанда сыртқы тестілеу одан да күрделі болып табылады, себебі мұғалімдердің бұл бал-
дар мен деңгейлерге негіз болған деректерді алуға үнемі мүмкіндігі бола бермейді, дегенмен, 
мұғалім жиі кездесетін қателерге талдау жасай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет