Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет3/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   440
Жаһандану
Технологиялар
Орнықты даму
Тыныштық пен 
қауіпсіздік
Демографиялық 
өзгерістер
1-сурет. Әлем жылдам өзгеруде
Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  оқушылар  үшін  терең  білімнің  де,  соған  сәйкес 
тәжірибелік дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі туралы тұжырым қалыптасты. За-
манауи оқыту тәсілдерінің негізгі ерекшелігі оқушылардың білімді тек меңгеріп қана қоймай, 
оны  іс  жүзінде  орынды  қолдана  білуіне  басты  назар  аударуы  ХХІ  ғасырда  талап  етілетін 
дағдылардың мән-маңызына барынша сәйкес келеді. 
Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы  (ЭЫДҰ)  дайындаған  Құзыреттерді 
анықтау  және  іріктеу  жобасы  дағдылардың  барынша  кең  ауқымын  қамтитын  ХХІ  ғасыр 
дағдыларының моделі болып табылады. Аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық 
түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең ауқымды шешімдер 
мен  іс-әрекеттерді  таңдау  қабілеттілігі  сияқты  түйінді  құзыреттер  жүйесін  сипаттай-
ды.  Мұғалімдер  өз  жұмысына  жеткілікті  уақыт  бөле  білулері  керек,  оқушының  білімі  мен 
дағдыларын  дамытуда  ғана  емес,  жалпы  алғанда  оның  оқуын  барынша  дараландыру  және 
баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере оты-
рып,  оны  тұлға  ретінде  дамытуда  икемділік танытулары  тиіс  (Schleicher,  2012)  (1-сілтемені 
қараңыз).
Бұл  жүйе  жастардың  құзыреттерін  бағалаудағы  ЭЫДҰ  ұзақ  мерзімді  стратегиясын 
белгілеуге  көмектесіп,  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі  халықаралық 
бағдарламаны (PISA) жетілдіруге ықпалын тигізді. 


5
1-сілтеме:  ЭЫДҰ  жүргізген  инновациялық  ортаның  салыстырмалы  талдауы                     


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет