Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет85/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Тарихи шолу
Соңғы  отыз  жылда  «дарынды»  және  «талантты»  деген  ұғымдар  бірқатар  өзгеріске 
ұшырады. Бұл өзгерістерге 1972 жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларына ұсынылған 
Marland  есебі  түрткі  болды.  Аталған  есеп  АҚШ-тағы  дарынды  және  талантты  балалармен 
жұмыс істеу жеткілікті қамтамасыз етілмегендігін көрсетті. Есепті қорытындылай келе, АҚШ-
тағы дарынды және талантты балалар «жоғала бастағаны», сондықтан олар қалыпты жұмыс 
істеу мүмкіндігінен мүлдем айрылу қаупі бар екені белгілі болған, бұл осы проблеманы басқа 
проблемамен – мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыр ахуалымен теңестіретін. Кейінгі зерт-
теулер көрсеткендей, дарынды және талантты балалар басынан кешетін көптеген эмоциялық 
және әлеуметтік қиындықтарды жоюға болады, ол үшін олардың деңгейі мен оқу қарқынына 
бейімделген әрі келісілген оқу ортасы болу қажет (Neihart et al., 2002).
Дарынды және талантты оқушылар ерекше қажеттіліктері бар балалар ретінде зерттелуі 
тиіс екендігін мойындаумен қатар, «дарынды» және «талантты» деген санаттарды анықтауда 
бір аспектіліктен көп аспектілікке қарай ойысу орын алды. Дарындылар мен таланттылардың 
бір  аспектілік  тұрғыдан  қарастыратын  анықтамасы  бір  ғана  критерийге  негізделеді  –  зият 
деңгейі және оның IQ балдары негізінде анықталуы. Әдетте, мұндай тәсіл оқушылардың жалпы 
санынан дарындылық пен таланттың аздаған пайызына дейін (шамамен 1-ден 3 пайызға дейін) 
анықтауға  мүмкіндік  бере  алмайды.  Ал  көп  аспектілі  тұрғыдан  қарастыратын  анықтамалар 
көптеген  критерийлерге  негізделеді  және  кешенді  тәсіл  қолданады,  бұл  ерекше  қабілетті 
оқушылардың жалпы санынан анағұрлым жоғары пайызды (мәселен, 10-нан 15 пайызға дейін) 
анықтай алады. Қазіргі кезде беріліп жүрген анықтамалар оқушылардың кез келген пайызын 
дарынды немесе талантты деп бөлуден қашқақтайды, өйткені осы түсініктерге байланысты 
өлшемдерді түсінуде әр мектептің ұстанымы әртүрлі болып отыр. 
Ренцулли (1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі 
негізінде нақты анықтады:
•  ортадан жоғары қабілетінің болуы;
•  тапсырмаларды орындауда жоғары деңгейдегі уәжділік; 
•  жоғары деңгейдегі шығармашылық.
Ренцулли  мен  Райс  (1985)  дарынды  және  талантты  балалар  күрделі  қабілет  иелері,  әрі 
олар адам қызметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім деген пікір 
білдіреді. Олар осы санаттағы оқушылар әдетте кәдімгі мектепте ұсыныла бермейтін көптеген 
білім беру мүмкіндіктері мен қызметтерін қажет етеді деп санайды.
Дарындылық пен талант түсінігін бір аспектіліктен көп аспектілік тұрғыдан түсінуге көшу 
зияттың өзі не екенін түсінуде өзгеріс қажет екендігін меңзейді. Бұл енді біртұтас нәрсе ретінде 
емес, зияттың қырлары жағдайында қаралады. Зияттың қырлары идеяларын жақтаушылардың 
арасында зияттың сегіз түрін анықтаған Гарднерді (2006) атап өткен жөн:


50
•  Логикалық-математикалық;
•  Лингвистикалық;
•  Кинестетикалық;
•  Кеңістіктік;
•  Музыкалық;
•  Тұлғааралық;
•  Тереңдетілген;
•  Табиғи.
Аталған зият түрлерін зият саласы емес, ерекше қабілет саласы ретінде қарастыруға бо-
лады.  Гарднер  зиятты  қабілеттер,  таланттар  немесе  ақыл  қабілеттерінің  жиынтығы  ретінде 
анықтайды, бұл адамдарға проблемаларды немесе міндеттерді оның шешімі бір немесе бірнеше 
мәдени мәнмәтіндерге пайдалы болатындай етіп шешуге мүмкіндік береді. Дарындылар мен 
таланттылардың көп аспектілі анықтамасы оқушыларды жоғарыда аталған зият түрлерінің кез 
келгеніне сәйкес дарынды және талантты деп есептеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет