Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Сыңаржақтылықтың  болмауы



Pdf көрінісі
бет82/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Сыңаржақтылықтың  болмауы:  барлық  қорытындыларды  бағалау;  болжамды 
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық 
болуға ұмтылу.
Пайым:  дәлелдердің  деңгейі  мен  маңызын  мойындау;  балама  жорамалдар  мен 
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық 
көзқарастарға көңіл бөлу).
Өзіндік  сана-сезім:  өзіміздің  эмоциямыз  бен  көзқарасымыздың,  сеніміміз  бен 
болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
Жалпы  сын  тұрғысынан  ойлайтын  оқушылар  белсенді  болады,  олар  сұрақ  қойып, 
дәлелдерді  талдайды,  мағынаны  анықтау  үшін  саналы  түрде  стратегиялар  қолданады;  олар 
ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді
мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.
Төменде  берілген  құрылымды  өзіңіздің  оқытуыңыз  бен  баланың  оқуы  жайында  сын 
тұрғысынан ойланып-толғануда да қолдануға болады:
1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысыңыз.
2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз.
3.  Оқу  мақсаттары  мен  ол  мақсаттарға  жету  үшін  оқушылар  атқаратын  жұмыстардың 
әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынастарға талдау жасаңыз. 
4.  Жеке  оқушылардың  көрсеткен  түрлі  деңгейдегі  түсініктері  мен  дағдыларын 
салыстырыңыз.
5.  Барлық  сынып  көлемінде  көрсетілген  іс-әрекеттің  нәтижесі  туралы  ойлану  үшін  өз 
зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз.
6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі тура-
лы қорытынды жасап, бағалаңыз.
7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді келесі тапсырмалар мен жобаларды жоспар-
лауда пайдаланыңыз.
8.  Дәлелдерді  дамытып,  тұжырымдамалар  мен  қорытындыларды  құрастыру  үшін, 
қоғамдық ғылымдарда оқыту мен оқу нәтижелерін анықтау үшін сын тұрғысынан ойлаудың 
пайдаланылуын негіздеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет