Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет21/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   440
16
ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Кіріспе
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының аясында барлық мұғалімдер өз 
сыныбының шегінде оқу көшбасшылары ретінде қаралады, сонымен қатар, Бағдарламаның 
басым  бағытын  есепке  ала  отырып,  оны  игерген  мұғалімдер  өз  мектептерінде  оқушылар 
мен  мұғалімдердің  оқуын  іске  асыратын  көшбасшы  болып  табылады.  «Мектептегі  мұғалім 
көшбасшылығы»  бағдарламасының  түйінді  тақырыптары  –  коучинг  және  тәлімгерлік 
(mentoring), олардың көмегімен мұғалімдер әріптестерін оқытады және мектеп аясында оқыту 
мен оқуға өзгеріс енгізеді.
Бағдарламаның  авторлары  ұсынып  отырған  оқытуды  басқару  мен  көшбасшылық 
тұжырымдамасы  мұғалімдердің  пайдаға  асырылмаған  зор  әлеуеті  бар  деген  ұстанымға 
негізделеді. Оны жаңалық енгізумен және бірлескен кәсіби дамумен сүйемелденетін қолдау 
көрсетілген  жағдайда  ғана  көруге  болады.  Бұл  тұжырымдама  педагогикалық  жүйе  сәтті 
болу үшін оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, 
студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді 
түгел  қамту  керек  деген  көзқарасқа  сүйенеді  (MacBeath  et  al.,  2006).  Бағдарлама  аясында 
оқытудағы көшбасшылық тұжырымдамасы Дэвид Фрост пен Кембридж университеті қолдау 
көрсеткен Хертс Кэм Нетворк желісі және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы 
аясындағы қызметке негіз болған мұғалім жүргізетін дамыту жұмысымен тығыз байланысты 
болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет