Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
29 АЛДЫҢҒЫ БӨЛІМ АРТҚЫ БӨЛІМ Төбе бөлігі Маңдай бөлігі Самай бөлігі Желке бөлігі Мишық Жұлын 7-сурет. Ми қыртысының негізгі бөліктері Жүйке талшықтары маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік
түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етедi. Сонымен қатар маңдай бөліктері
ми бөлігінде сақталған ақпаратқа қолжетімділік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге
асырады. Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі – ақпаратты сұрыптайтын
(фокустік) зейін, яғни біз ерекше назар аудару үшін ойдағы ақпаратты шоғырландыра бастаған
кезде маңдай бөліктері белсенді бола бастайды (Goswami, 2006). Мысалы, егер бiзден Қазақстан
картасының суретiн еске түсіруді сұраса, онда біз, ең алдымен, Қазақстан географиясының жал-
пы образын еске аламыз, әрі бастапқыда нақты белгісіне мән бермей, құрлықтық шекаралардың
негiзгi сызықтарын көз алдымызға елестетер едік. Алайда, қажет болған жағдайда, әрі сон-
дай мақсат қойылса, біз нақты белгілерді сұрыптай бастаймыз, мәселен, Каспий теңізіне не-
месе оңтүстiктегi тауларға назар аударамыз. Осылайша, нақты белгілер біздің географиялық
танымымызға қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Визуалды ақпаратты жалпы еске түсіруге қарағанда, нақты белгілерге саналы назар ауда-
ру қабілеті ми қыртысының көру аймақтарына бағытталған жүйке жолдары арқылы маңдай
бөліктерінің белсенділігі арқылы іске асырылады.