Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
40 СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ Кіріспе «Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» де-
ген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді.
Бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді.
Сын тұрғысынан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген
барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі
рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың
барлығында орын алады.
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді
талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі
бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл
дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.