Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
44 Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің
жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алай-
да сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті
дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы
ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде
балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту
үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі
тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.