52
• Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді.
• «Ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады.
• Игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.
• Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды.
• Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі
болуға тырысады.
• Тиянақты, қойған сұрақтары нақты.
Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп
біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды
саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылықты зияттың неме-
се қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт
және т.б. салалардағы жоғарғы деңгеймен байланыстырылады. Кейбір зерттеушілер бұл екі
ұғымды жеке қарастыру маңызды деп санаған, өйткені дарындылық қанша дегенмен, олардың
пікірінше, қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік, аффектілік және т.б.)
жатады, ал талант түрлі саладағы айтулы жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке
тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы
жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол құзыретті субъектілердің аз ғана бөлігіне
тиесілі болып қалады.
Қорытынды
• Қазіргі уақытта дарынды және талантты балаларды анықтауда бір аспектінің аясында
(мысалы, жоғары IQ) қарастырудан бас тартып, көп аспектілік тұрғысынан қарастыру
үрдісі қалыптасуда, ол баланың ерекше қабілеттерін кең ауқымда қарастыруды көздейді.
• Баланың бойында белгілі бір қабілеттер мен қасиеттердің бар екенін көрсететін мәдени
құндылықтар дарындылық пен таланттың кез келген тұжырымдамасының маңызды
бөлшегі болып табылады.
• Рәсімдерді анықтау кезінде және бағдарламаның мазмұны мультимәдени перспектива-
ларды тең дәрежеде ескеруге тиіс.
• Әлеуметтік, эмоционалдық және ынталандыру факторлары дарындылық пен таланттың
маңызды аспектілері деп қарастырылады.
• Оқуға қызығушылық және тілдік дағды сияқты мінез-құлық сипаттамалары, сондай-ақ
абстрактілі ойлау дағдылары, білімнің жоғары деңгейі, білімге құштарлық пен ынта
дарынды және талантты оқушыларды табуда өте пайдалы болмақ.
• Әлеуетті анықтау және оның тиімділігін көрсету анағұрлым маңызды.
• Қабілеттілік әлеуетін іске асыруда оқушыларға құзырлы көмек көрсету үшін
мұғалімдерге бай әрі көп аспектілі тәжірибе қажет.
Достарыңызбен бөлісу: