Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалімдердің тиімділігін арттыру



Pdf көрінісі
бет120/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   299
Мұғалімдердің тиімділігін арттыру
Зерттеу тиімді мектептердің оқыту мен оқу үдерісіне үлкен мән беріп, мұғалімдердің дамуына 
арнайы уақыт бөлетінін көрсетті. Мектеп сипаттамаларының ішінен оқытуға қатыстылары 
тәжірибе жолымен алынады. Бұл факторлар балаларға анағұрлым жақын, сондықтан оқушылар 
оларды бірден сезінеді (яғни мұғалімнің сыныптағы мінез-құлқы) және олардың үлгеріміне 
әсер етеді. Мұғалімдердің көшбасшылығы бірқатар тәсілдермен олардың тиімділігін арттыра 
алады. Үздіксіз оқуға және оқытуды жетілдіруге ерекше назар аудару жекелеген мұғалімдердің 
жұмыс сапасын жақсартуы мүмкін, ал сонымен бірге әріптестермен пайдалы тәжірибе 
алмасуға баса көңіл бөлу мектептегі барлық мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруы мүмкін. 
Мұғалімдерге жүктелген үлкен жауапкершілікпен қатар олардың құзыреттілігі мен сенімін 
арттыру мұғалімдерді өз еркімен тәуекелге барып, оқыту тиімділігінің деңгейіне тікелей әсер 
ететін оқытудың инновациялық әдістерін ұсынуға мәжбүр етеді.
Мұғалімдерге көшбасшылық арқылы өкілеттік берілсе, олардың өзінің күшіне деген 
сенімі арта түседі. Мұғалімдердің келешектегі бағасы оқушылардың жетістіктеріне тікелей 
байланысты, демек өз-өзінің тиімділігін көтеру көшбасшылықтың маңызды факторы болып 
табылады. 


111
Мектепті жетілдіруге ықпал ету 
Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің 
жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-
қатынастар және ұжымдық тәжірибе жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың 
арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып 
табылатыны дәлелдеген. 
Бұл тәсіл ынтымақтастық, жәрдемдесу және бірлесіп жұмыс істеуге негізделген кәсіби 
даму мен оқыту нысанын көздейді. Бұл мектепке мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп оқитын 
оқу қоғамдастығы ретінде қарау дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет