Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет82/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   299
Рефлексиялық оқыту
Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің 
жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті 
жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «рефлексиялаушы практик» деген 
ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық 
және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «
Біз 
қалай ойлаймыз?
» (1910) деген кітабы рефлексиялық ойды шешуге жататын мәселелерді 
зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, 
практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға 
ерекше ықпал етті.
Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексиялық тәжірибені 
педагогтердің проблеманы анықтау және жұмыс барысында эксперимент жүргізе отырып 
шешу әдісі ретінде қарастыратынына байланысты. Шонның «рефлексиялаушы практик: 
кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады» (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды. 
Ғалымның «техникалық ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара 
отырып, кәсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «рефлексия» түсінігін қоюы бұл іске 
қосқан зор үлесі болып табылады. Техникалық ұтымдылық кәсібилікпен салыстырғанда негізгі 
парадигма бола алмады. Оның «іс-әрекеттегі толғаныс» деген ұғымы кейде «іс барысындағы 
толғаныс» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын 
эмоциялар мен теорияларды ескеруді қамтиды, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайға 
сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін «іс-әрекеттен 
кейінгі толғаныс» жүреді.
Бұл үдеріс кейінірек, біз жазбаны аяқтап, оны әріптесімізбен немесе тәлімгермен талқылай 
бастағанда жүзеге асырылады. «Іс-әрекеттен кейінгі толғаныс» топта не болып жатқанын, 
өзіміздің белгілі бір жағдайда неге дәл осындай іс-әрекет жасағанымызды зерттеуге мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар біз өзіміздің іс-әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар 
мен мәселелерді анықтаймыз.
Төмендегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет