Жердің ішкі құрлысы



бет1/2
Дата06.06.2022
өлшемі1,08 Mb.
#36449
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
3-дәріс. Жердің ішкі құрлысы


Жердің ішкі құрлысы
Тақырыптың мақсаты: литосфераның құрылымы мен заттық құрамын анықтау. Жердің ішінде орын алатын көптеген үдерістер оның бетінің кескінін қалыптастырады. Магма жер қойнауынан беткейге шығып, жанартауларды түзеді, ал оның ағындары қатып, ғажайып лава платоларын түзеді. Жер бетінің әртүрлі бөліктерінің соқтығысуының нәтижесінде таулар түзіледі. Көптеген жер сілкіністері жер бедерінің өзгеруіне әкеледі: жер бетінің әртүрлі бөліктерінің опырылуы, жапырылуы орын алады, таулар құлайды. Мұның бәрі тізбектеле келіп, табиғаттың басқа компоненттерінің де өзгеруіне алып келеді. Біз күнделікті шаруашылықтағы іс-әрекетімізде пайдаланатын және «пайдалы қазбалар» деп атайтын тау жыныстары мен минералдар да Жер қойнауының ішінде түзіледі.
Гидросфера мен атмосфера секілді Жердің қатты беті де, негізінен заттардың жоғарғы мантиядан бөлінуі нәтижесінде қалыптасқан. Оның қалыптасуы мұхиттардың түбінде әлі де жалғасуда. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «біздің ғаламшарымыздың ішкі құрылымы мен оның ішіндегі үдерістерді білу жер бетінің табиғатын түсіну үшін аса маңызды» деген қорытынды шығады.
Жердің ішкі құрылымын қалай зерттейді? Оның бірнеше әдісі бар. Мысалы: жер бетіне төгілген лава құрамын зерттеуі. Кейде терең ұңғымалар қазады. Алайда бұл әдісте де шектеу бар. Адамдар 12 шақырымнан тереңге аса алмады, өйткені жер қойнауындағы температураның жоғарылығы сонша — ешбір техника оның әсеріне шыдай алмайды.
Жердің ішкі құрылымы
Әрбір 100 м тереңдік сайын ол 3°С-қа артады. Жердің ішкі құрылымын сейсмикалық толқындардың көмегімен зерттеу әдісі — ең сенімді тәсіл. Әртүрлі жер сілкіністері барысында Жер қойнауларында түрлі толқындар туындайды, оларды сейсмикалық деп атайды: 1) ең жылдам бойлық Р-толқындар (яғни бастапқы — primary); 2) анағұрлым баяу колденең 8-толқындар (яғни қайталама -secondary).
Толқындардың екі түрі де тығыз заттар арқылы жылдамырақ өтеді. Зат неғұрлым тығыз болса, толқындардың жылдамдығы соғұрлым жылдамырақ. Р-толқындар қатты заттармен қатар сұйық заттар арқылы да өте алады. 8-толқындар сұйық орта арқылы өте алмайды.
Осы толқын түрлерінің өту жылдамдығы арқылы тығыз не тығыз емес қабаттардың қай жерде орналасқанын анықтау мүмкін болды. Ал 8-толқындардың өту ерекшеліктері арқылы ғаламшардың ішкі қабаттарының қатты, тұтқыр немесе сұйық агрегатты күйін анықтау мүмкін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет