Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ)



Pdf көрінісі
бет89/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   299
Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ)
Үш білім саласының 
қиылысу ортасында
технологиялық, педагогикалық және пәндік 
білім
(ТППБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, 
олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті 
болуға тиіс болса, онда 
жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімнің оқушылардың 
осы білімді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек
. Оның үстіне, Мишра 
мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласын өзара байланыстыра алған мұғалім 
жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, 
осындай мұғалімдердің зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар сияқты 
технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері 
жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда кәсіби білімі анағұрлым ауқымды 
болады.
Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру 
мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді 
қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну 
көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.
Мұғалім үшін маңызы
Оқушылардың күнделікті өмірде аКТ-ны қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы 
тиімді оқыту мен оқуға байланысты. егер оқушылар аКТ-ны тиісті дәрежеде меңгермей, оның 
мүмкіндіктерін игермеген болса, олардың басқа пәндерде аКТ-ны пайдалануы тиімсіз болуы 
да мүмкін. Бұл аКТ саласында және пәндік білім бойынша «кенжелеп» қалуға ықпал етуі 
мүмкін. Мәселен, оқушылар бағдарламалық жасақтаманы қалай пайдалану керектігін білмесе 
және тапсырманың мәнін қалай беруге болатынын түсінбесе, оларға белгілі бір тақырып 
бойынша таныстырылым дайында деп тапсырма беруден ештеңе өнбейді. жаңа пәндік 
білімдерді алумен бірге, аКТ-ның жаңа салаларын қатар игеруге ұмтылатын оқушылар екі 
салада да, яғни аКТ-ны қолдану мен білімді игеруде де бірдей мықты бола алмайды.
Сондықтан төменде оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде 
аКТ-ны қалай пайдалануға болатындығының үлгілері ұсынылған:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет