Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет106/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   299
Оқушыларды оқыту мақсаты
Қалыптастырушы деректер жинау
Кітапты топтық талқылау кезінде 
дәлелдеме ретінде жауап түріндегі 
мәтінді пайдалану.
Тәлімгер топтағы оқушылардың жауаптарын тыңдайды 
және олардың оқуға реакциясын жазып алып отырады.
Тәлімгер мұғалім пайдаланатын оқыту стратегияларын және 
оқушылардың бұл стратегияларға реакцияларын жазып алып 
отырады.


98
2-қадам. Сабақ үстінде
Сыныпқа белгіленген уақытта келіңіз. Сабақ кезінде оқушылардың оқытуға реакциясын 
және мұғалім оқыту үдерісінде қандай әдістерді пайдаланатынын бақылаңыз және жазып 
алып отырыңыз.
Мысалы, сізге сабақтың кіріспе бөлігінде мұғалім оқушыларға жауап беру кезінде оқығысы 
келетін мәтіннің маңызды бөліктерін белгілеу үшін жабыстырғышты қалай пайдалануға 
болатынын көрсететінін жазып алуға болады. Сіз топтық талқылау кезінде сыныпты аралап 
жүрген уақытта оқушылардың кітаптарды парақтай отырып, өздері белгілеген абзацтарын 
табу үшін жабыстырғышты қалай пайдаланғанын, кейіннен өзінің тұжырымдарын бекіту үшін 
ол үзіндіні топқа дауыстап оқитындығын байқайсыз. Бір оқушы өзі оқып жатқан романының 
басты кейіпкері ашыла бастағандығын айтады, өз тұжырымын дәлелдеу үшін кітаптан таңдап 
алған үзінділерін оқып береді. Басқа оқушы бас кейіпкер туралы айтылған осы тұжырыммен 
келіспегенде, топ оның идеясын мәтінмен дәлелдеуін сұрайды. Ол өзінің белгілерінің біреуін 
ашып, үзіндіні оқиды.
Сіз естігендеріңізді жазып аласыз. Бұл ақпарат «Бақылаудан кейін» кезеңінде кездесу 
барысында пайдаланылады. Сіз бұл мұғалімнің оқытуы туралы пікіріңізді осы тұрғыдан жаза 
аласыз.
3-қадам. Бақылаудан кейін
Сабақтан соң Сіз сабақ барысында жиналған деректерді пайдалана отырып, кері байланыс 
орнатасыз. Мәселен, 9-кестені қарап, мұғалім өзінің мақсатына жеткен-жетпегендігін 
шешіңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет