13
Бағдарлама шеңберінде кәсіби өсу
Көшбасшылық қасиеттерді зерделеу мақсатында жүргізілген зерттеулер көшбасшылардың
өздері атқарып отырған істерінің мақсаттарын, сондай-ақ көшбасшылықтың алып отырған
орнын және жақсарту үшін нені өзгерту қажеттілігін ұғынудың маңызды екендігіне ерекше
көңіл бөледі (Sinek, 2009). Синектің жұмысы іскерлерге, кәсіпкерлерге арналып жазылғанына
қарамастан, ол пайдаланып отырған конустық фигураны мектептегі өзгерістерді басқаруда да
қолдануға болады (4-сурет).
4-сурет.
Көшбасшылықтың конустық метафорасы (Синек)
Конустың жоғары бөлігі –
НЕГЕ –
мектепте өзгеріс енгізу қажеттігін дәйектеп, оны басқару
үдерісін білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, мектеп көшбасшылары өзгерістерді не үшін енгізіп
отырғанын жетік біліп, оны өз командасының барлық мүшелеріне жеткізуге тиіс.
НЕГЕ-ні
білу
оқыту және оқушылар туралы жан-жақты, терең білімнің болуын, сондай-ақ жоғары деңгейлі
өзін-өзі тану мен мақсатты сын тұрғысынан талдауды талап етеді.
Мектеп көшбасшылары
тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектептеріндегі мұғалімдерге
тәжірибелерін өзгертуге
ҚАЛАЙ
көмектесуге болатынын білуге тиіс. ал
мұғалімдер
оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін
НЕ
істеу керек екенін білуге тиіс. Сонымен өзгеріс
енгізу үдерісін ойдағыдай жүргізе білу үшін көшбасшылар мен мұғалімдер енгізіліп жатқан
өзгерістердің мақсатын анық түсінуге тиіс.
Осылайша, Бағдарламаның өзара байланысты үш бағытын атап көрсетуге болады:
• Оқыту мен оқудың күрделілігіне және оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға
қатысты жеке түсінігін дамыту;
• Коучинг, тәлімгерлік және сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді
оқытуды жүзеге асыру мақсатында әріптестерге қолдау көрсету;
• Мектепті жетілдіру мақсатында кәсіби қоғамдастық аясында білім алуға бастама жасау
және қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: