103
КОУЧИНГ
Білімінің дәрежесі мен кәсіби деңгейіне қарамастан, өзінің қол жеткізген үздік нәтижелерін
өз бетінше үнемі тиімді ұстап тұру кімге болса да оңайға соқпайды. Осыған байланысты
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге коу-
чинг және тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін дағдыларды ұсынады. Тәлімгер және коуч болып қалыптасу барысында мұғалімдер
оқыту тәжірибесін жақсарту мақсатында мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс істейді.
«Тәлімгерлік» және «коучинг» ұғымдары ұқсас қызмет түрлерін сипаттау үшін әдетте си-
ноним ретінде қолданылады, осыған байланысты осы санаттардың мағыналары ауысып кетуі
ықтимал. Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері бар.
Коучинг
- (
ағылш. coaching
) сөзбе-сөз аудармасы –
тәлім ету, дайындау, жаттықтыру
.
Бұл – әріптестердің (коуч пен әріптесі) жаңашыл, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік
үдерісі. Коучинг барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идея-
лармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа тарту негізінде басқа мұғалімдер
өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым
жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында
кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: