Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет128/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

репродуктивтік 
ойлау (КО)
– (лат. 
cоnvergere
– қосылу) белгілі бір тапсырманы орындаудың алдын ала 
игерілген алгоритмдерін нақты пайдалануға негізделген ойлаудың түрі. 
«Репродуктивті» сөзімен бірге қолданылады, себебі осындай ойлау проблеманы 
шешуге дәстүрлі тәсілді қолдануды меңзейді, соның нәтижесінде сол тәріздес 
идеялар туындайды. Бұл ойлау түрі дивергентті ойлауға қарама-қайшы.
Коучинг
- сөзбе-сөз 
дайындау, жаттықтыру
; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз 
өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін 
бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диалогқа 
тарту негізінде әріптестер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, 
оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру 
және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген 
дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен 
байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін 
ашуға бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі, жан-жақты кәсіби қолдау көрсетуді 
көздейді.
Креативтілік
– (ағыл. 
create
– жасау, 
creative
– жасампаз, шығармашыл) индивидтің дәстүрлі 
немесе көпшілік қабылдаған идеялардан ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды 
қабылдау мен жасауға дайындығымен ерекшеленетін және тәуелсіз фактор 
ретінде дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық қабілеті, сондай-ақ 
проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше тәсілдермен шешу қабілеті.
Креативті үдеріс
– негізгі төрт сипаттамасы бар. Біріншіден, фантазияны қолдану арқылы ойлау 
және әрекет ету. Екіншіден, мақсатты әрекет. Үшіншіден, бұл үдерістің нәтижесі 
өзіндік ерекшелікке ие. Соңғысы, мақсатқа қатысты алғанда нәтиже құнды 
болуға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет