Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет48/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

Рефлексиялық оқыту
Мұғалімдердің көпшілігі өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өз
жұмыстары туралы толғанатыны шындық, дегенмен, бұл үдерісті барынша оң ықпалды және 


47
әріптестерімен бірлестікте жүйелі түрде жүзеге асырылатын үдеріске айналдыру аса маңызды 
болып табылады. «
Рефлексиялаушы практик» 
деген ұғым философ, психолог және оқу ре-
форматоры Джон Дьюи мен философ, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд 
Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «
Біз қалай ойлаймыз?
» (1910) деген кітабы 
рефлексиялық ойды шешілуге тиіс мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, 
оқытуға ерекше ықпал етті: идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды 
зерттеу және талдауға бастама жасап іске асыру; болжамды тәжірибеде сынап көру.
Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексиялық тәжірибені 
педагогтердің проблеманы анықтап, өз іс-әрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып 
шешу әдісі ретінде қарастыратынына байланысты. Шонның 
«Рефлексиялаушы практик: 
кәсіпқойлар іс-әрекетте қалай ойланады» 
(1983) деген кітабының ықпалы күшті болды. 
Оның «техникалық ұтымдылық» ұғымын кәсіби білім негізі деп тануды жоққа шығара отырып, 
кәсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «
рефлексия
» түсінігін қоюы бұл іске қосқан 
зор үлесі болып табылады. 
Техникалық ұтымдылық 
кәсібилікпен салыстырғанда негізгі па-
радигма бола алмады. Оның «
іс-әрекеттегі толғаныс
» деген ұғымы кейде «
іс барысындағы 
толғаныс
» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын 
эмоциялар мен тоерияларды ескеруді көздейді, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайға 
сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет