Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет5/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

7
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы 
екі басым бағытта 
әзірленген:
Біріншісі 
– мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге 
сай келетін бай білімді игеруі.
Екіншісі 
– мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуы-
на ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара 
байланысты үдерістерге көңіл бөлу. Бұл бағыттардың екеуі де Бағдарламаның барлық негізгі 
аспектілерінде үндес болып келеді, сондықтан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оларды 
қолдану барысында әріптестерді оқыту немесе бағыт-бағдар беру тұрғысынан қарастырылады.
Білім беру мақсаттарына жету жолында мұғалімдердің кәсіби дамуы
Осы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасынан күтілетін нәтижелер 
мұғалімдерді оқушыларға
қалай оқу керектігін үйреніп
, соның нәтижесінде еркін, өзіндік 
дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі 
дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау 
болып табылады.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін 
өрістетудегі 
негізгі тұлға – мұғалім 
(Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті 
деңгейде кездеседі. 
Сонымен қатар, көптеген зерттеулерде мектеп тәжірибесінің ұйымдастырылуы, мазмұны 
мен бағытына қатысты құзырлы мұғалімдердің табысты тәжірибесі қарастырылады. Қазіргі 
заманғы зерттеулер кәсіби даму мұғалімнің өзін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет