Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


-кесте   Коучинг және тәлімгерлік үдерістерін салыстырмалы талдау



Pdf көрінісі
бет115/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

2-кесте
 
Коучинг және тәлімгерлік үдерістерін салыстырмалы талдау
Тәлімгерлік
Коучинг
• ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін жүйелі 
қарым-қатынас;
• тәліп үшін қажеттігіне қарай кездесу 
ұйымдастыру арқылы бейресми сипатта өтуі 
мүмкін;
• кеңестер, ұсынымдар мен қолдау ұзақ уақыт 
және көп аспектілік негізде көрсетіледі;
• тәлімгер, әдетте, - тәжірибесі мол білікті 
мұғалім, негізінен – білім беру ұйымындағы 
ең үлкені, ол білімін, тәжірибесін беріп, 
тәліпке бұған дейін қолжетімсіз болып келген 
мүмкіндіктерге «жол аша» алады;
• тәліптің қызметкер ретінде және тұлға ретінде 
өсуіне басты назар аударылады;
• кеңес алу мақсатын тәлімгермен келісу және 
бағыттау арқылы тәлім алушы адам белгілейді;
• тәлімгерлік тәліптердің кәсіби дамуына 
бағытталған.
• қарым-қатынас ұзақтығы алдын ала 
белгіленеді;
• әдетте, құрылымдық сипатта болады; кезде-
сулер алдын ала жоспарланады;
• кездесулер қысқа мерзімді (кейде уақыты 
шектеулі) және дамудың нақты бағыттарына/
мәселелеріне бағытталған;
• коучтің біршама практикалық тәжірибесінің 
болуы міндетті емес;
• коучинг білім алушыларда нақты дағдыны 
қалыптастыруға бағытталған;
• басты назарда, әдетте, кәсіби/өндірістік про-
блемаларды шешу;
• кеңес беру мақсаты нақты, қысқа мерзімді 
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған;
• коучинг дамудың белгілі бір бағыттарын 
қарауға, нақты мәселелерді шешуге 
бағытталған.


106
Тәлімгерлік үдерісі
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын 
құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін 
бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәліпке күрделі 
тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, 
ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады (Garret-Harris & Garvey, 2005).
Тәлімгерлік аяқталған соң тәлімгер мен тәліптің арасында орнаған қарым-қатынас біліктілігі 
төмендеу мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік алып, проблемалардың шешуін өзінше 
табуға көмектеседі, себебі тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негізделген 
(Oxley, 2003).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет