Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет123/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

Кәсіби дағдылар
Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның
түйінді идеяларын қолдану
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
• Мақсатқа қол жеткізу үшін сыныптағы барлық оқушылар тартылатын тиісті мақсаттарды 
әзірлей алады;
• Жеке сабақ өткізу және дербес оқушыларды, сондай-ақ сын тұрғысынан ой-
ланатын оқушыларды ынталандыру үшін кәсіби әрекет ету қажет етілетін 
жағдайларды анықтауда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана біледі; 
• Қалай оқу керектігін үйрету тәсілін пайдалана алады;
• Сыныптағы 
барлық 
оқушылардың 
оқу 
үдерісін 
бақылай 
алады; 
• Оқушылармен өзара тілектестік, құндылықтар жүйесі мен мінез-құлық нормала-
рын қалыптастыруға негізделген өзара сыйластық қарым-қатынас орната алады; 
• Бағдарламаның барлық жеті модулін ықпалдастыра отырып тізбектелген сабақтар 
топтамасын жоспарлай алады;
• Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістемесін және оларды басқару 
тәсілдерін көрсете біледі;
• Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау жағдайындағы оқушылардың оқу 
қарқынын жоспарлай алады;
• Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін сабақтарды жоспарлай 
алады;
• Оқыту және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында қолайлы материалдар мен дереккөздерді 
таңдай біледі;
• Оқыту және оқу үдерісін қолдау үшін тиісті тапсырмалар мен іс-шаралар жүйесін пай-
далана алады;
• Объективті түрде өзгерген жағдайларға орай жоспарын түзетуде икемділік танытады; 
• Оқу тапсырмаларын, үй жұмыстарын және сыныптан тыс тапсырмаларды жоспарлай 
алады;
• Оқушылардың білім алуын ойластырып, оқыту және оқу жоспары мен тәжірибесіне 
тиісті өзгерістер енгізе біледі;
• Тиісті әдебиетті оқу, әріптестерімен әңгімелесуге, жеке тәжірибесіне және сыныпта 
оқыту тәжірибесі туралы заманауи зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, алқалық 
шешім қабылдай алады;
• Жекелеген адамдардың, шағын топтардың және бүкіл сыныптың қызметіне бастама 


112
жасай және басқара алады;
• Сабақ уақытын ұтымды бөле алады;
• Қауіпсіз және сындарлы оқу ортасын құра алады;
• Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қоса алғанда, бірқатар бағалау стратегия-
ларын қолдана біледі;
• Оқушылардың жұмысын мұқият талдай және бақылай біледі;
• Оқушылармен тиімді түрде ауызша және жазбаша өзара іс-қимылды қамтамасыз ете 
алады;
• Жоспарлау үдерісін көрсететін оқушылардың алға жылжу қарқыны жөніндегі тиісті 
есептерді жүйелей алады;
• Оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылығын ынталандыру дағдыларын дамыта 
біледі;
• Оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету үшін бағалауды пайдалана алады;
• Жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді ықпалдастыра алады.
• Тиімді оқытуды, оқуды және басқару стратегиясын қалыптастыруды іске асыру-
да, соның ішінде – барлық оқушыларға өз әлеуеттерін іске асыруға мүмкіндік беру-
ге бағытталуын қамтамасыз ететін тәсілдерді іріктеу мен пайдалануда әріптестеріне 
қолдау көрсетеді, 
• Мұғалімдер тобымен мектеп аясында Сабақты зерттеуге қатыса отырып, оқыту мен 
оқу мәселелері бойынша кәсіби диалогтарға бастама көтереді және қолдайды;
• Коуч және тәлімгердің рөлін орындай отырып, мұғалімдердің топтық/жекелей оқуын 
басқарады;
• Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығының қызметіне бастама көтереді және 
қолдайды;
• Мектептегі оқыту мен оқу сапасын одан әрі жетілдіру үшін өз әріптестерінің тиімді 
қызметін анықтауға және негіз ретінде аталған шешімдерді пайдалану туралы шешімдер 
қабылдайды;
• Әріптестермен бірлесе отырып, мектептегі тиімді білім беру практикасын пәнаралық 
ықпалдастықпен қоса дамыту мақсатында сабақтарды жоспарлауға бастама көтереді 
және оған қатысады;
• Мектептегі тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау мәселелері бойынша 
неғұрлым тәжірибелі мұғалімдер үшін тәлімгер рөлін орындайды;
• Сыныптағы жұмыс практикасы туралы кешенді түрде келіскен шешімдерді ойлап 
шығарады және сыныптағы проблемаларды шешу үшін тәжірибесі аздау мұғалімдерге 
көмек көрсетеді;
• Жұмыс істеп жүрген мұғалімдермен бірлесіп жұмыс істейді және тәжірибесі аздау 
мұғалімдердің назарын жекелеген оқушылардың оқытудағы қажеттіліктеріне аударуға 
көмектеседі;
• Мектептегі жиынтық және қалыптастырушы бағалауды пайдалану бойынша 
әріптестердің тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді;
• Жетілдіру үшін қажетті саланы анықтауды қоса алғанда, оқушыларға, әріптестер мен 
ата-аналарға оқудағы жетістіктер мен ілгерілеу бойынша өз уақытында, сындарлы кері 
байланыс ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет