85
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,
оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін
мұғалімдер сұрақтардың екі түрін:
төмен деңгейлі
және
жоғары деңгейлі
сұрақтарды кең
қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен деңгейлі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс
емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жау-
ап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоғары деңгейлі сұрақтар
қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге,
бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де
қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне,
сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге
және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау
үшін сұрақ қоюдың
Достарыңызбен бөлісу: