Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


НЕЛІКТЕН БАҒДАРЛАМА ОҚУ ТәЖІРИБЕСІН ӨЗГЕРТЕ



Pdf көрінісі
бет10/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   298
12
НЕЛІКТЕН БАҒДАРЛАМА ОҚУ ТәЖІРИБЕСІН ӨЗГЕРТЕ
АЛАДЫ ДЕП САНАйМЫЗ?
Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы
Осы Бағдарламадан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға 
қалай оқу керектігін 
үйретіп
, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, 
сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық 
танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. 
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті 
ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін 
өрістетудегі 
негізгі тұлға – мұғалім 
(Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті 
деңгейде кездеседі.
Табысты мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы 
зерттеулерден білуге болады. Біз сонымен қатар бұндай қасиеттер мен жұмыс тәртібін 
мұғалімнің кәсіби дамуындағы қандай мүмкіндіктер дамытатындығы туралы да көп білеміз. 
Зерттеулерден көрініп отырғандай, кәсібилік мұғалімнің өзін 
білім беру қоғамдастығының 
бір бөлігі 
ретінде қарастыруын талап етеді (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің 
аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновациялар негізінде мұғалімнің 
тәжірибесі жетіледі (Frost and Durrant, 2003). Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, 
мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің 
әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. 
Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). Әріптестеріне ықпал ету 
үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін табысты мұғалімдер коучинг 
пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, 
өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. егер Үшінші деңгей бағдарламасы табысты 
мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған болса, 
екінші деңгей Бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті 
тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді. Бұларға қоса Бағдарлама әріптестеріне бүкіл 
мектеп жағдайында коучингті іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындауға арналған.
Бағдарламаның осы нұсқаулығы жоғарыда көрсетілген ғылыми зерттеулер кешеніне 
негізделеді. Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастап 
жатқан мұғалімдердің, тәжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тәлімгерлер мен тренерлердің көп 
жылғы тәжірибесіне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет