Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан



Pdf көрінісі
бет55/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Шығармашылық оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан
Шығармашылық үдеріске, өнімге немесе жеке тұлғаға қатысты қарастырылады (Barron, 
2002) және ол арқылы бірегей, жоғары сапалы және дана нәтижелер шығатын тұлғааралық 
әрі тұлғаішілік үдеріс деп сипатталады. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен жұмыс 
істеу барысында шығармашылық әлеуетінің негізі ретінде қаралатын өзіндік идеяларды 
дамытуға немесе өндіруге, яғни үдеріске көңіл аудару қажет. Мұндай үдерісті түсіну үшін 
конвергентті және дивергентті ойлау арасындағы Гилфордтың (1956) айырмашылықты шектеу 
түсініктерімен танысқан пайдалы. Конвергентті ойлауға байланысты проблемалардың көбіне 
бір дұрыс шешімі болады, ал дивергентті ойлауға қатысты проблемалар проблеманы шешетін 
субъектілерден көптеген шешімдерді қабылдауды талап етеді, ол шешімдердің кейбіреулері 
жаңа, жоғары сапалы, креативті болуы мүмкін.
Балалардың креативтілігін дұрыс түсіну үшін, шығармашылық, зияткерлік қабілеттер 
мен дарын арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. «Дарынды» деген термин әдетте 
жоғары зияткерлік қабілеттермен пара-пар тәрізді. Бірақ Валлах (1970) зияткерлік қабілет пен 


52
шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғары зияткерлік 
қабілеттер болуы да, болмауы да мүмкін деп есептеген. Балалар креативтілігінің көптеген 
өлшемдері мағынаны жылдам ұғуға шоғырланған. Мағынаны жылдам түсінуге арналған 
есептер балалардан миға шабуылдағыдай белгілі бір түрткі ойларға сәйкес көбірек жауап ойлап 
табуды талап етеді. Негізінен, мазмұнын жылдам түсіну шығармашылық үдерістің аса маңызды 
сипаттамасы деп саналады. Балалардың жауаптары қарапайым, дағдылы сипатта, сондай-ақ 
бірегей, қайталанбас мазмұнда болуы мүмкін, бұл ретте соңғысының шығармашылық әлеуеті 
бар деп саналады. Осылайша, біз балалардан «олардың ойынша «қызыл» болатын барлық 
заттар» туралы айтуды сұрадық, балалар тек вагон, алма, күртелерді ғана емес, сонымен қатар 
қызылша ауруын және суық қолдарды да санағанын көрдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет