52
шығармашылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғары зияткерлік
қабілеттер болуы да, болмауы да мүмкін деп есептеген. Балалар креативтілігінің көптеген
өлшемдері мағынаны жылдам ұғуға шоғырланған. Мағынаны жылдам түсінуге
арналған
есептер балалардан миға шабуылдағыдай белгілі бір түрткі ойларға сәйкес көбірек жауап ойлап
табуды талап етеді. Негізінен, мазмұнын жылдам түсіну шығармашылық үдерістің аса маңызды
сипаттамасы деп саналады. Балалардың жауаптары қарапайым, дағдылы сипатта, сондай-ақ
бірегей, қайталанбас мазмұнда болуы мүмкін, бұл ретте соңғысының шығармашылық әлеуеті
бар деп саналады. Осылайша, біз балалардан «олардың ойынша «қызыл»
болатын барлық
заттар» туралы айтуды сұрадық, балалар тек вагон, алма, күртелерді ғана емес, сонымен қатар
қызылша ауруын және суық қолдарды да санағанын көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: