53
кезде бар уақытын белгілі жастағы балалар үшін қандай бағдарламаның қолайлы екендігіне
жұмсамай, оларға білім алу барысында қолдау көрсетуге тырысады. аралас жастағы оқуды
зерттеу әртүрлі жастағы оқушылардың сұраныстарын қанағаттандыруда үдерістік
тәсілдің
қолайлы екендігін көрсетеді. Бұл мұғалімдердің әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне сәйкес
қатыса алатын, барлық балаларды қамтитын ашық тапсырма,
тәжірибе мен жоба өткізуін
талап етеді. Әртүрлі жастағы табысты сыныптарда мұғалім оқытуды үйлестірушінің рөлін
атқарады және «білім беруші» субъекті ретінде әрекет етпейді, қайта оқу үдерісін бағыттайды,
толықтырады және қолдайды. Әрбір оқушының білім алуына көмек көрсету үшін олар
оқушылардың жеке сұраныстарын, дамуы мен мүдделерін білуге тиіс. Яғни оқу үшін бағалау
әртүрлі жастағыларды табысты оқытудың маңызды құралы болып табылады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі
ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге
бағытталуы болып табылады. Мұғалім оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат
қосу керектігін анықтаған жағдайда кіші жастағы балалардың назарын аударуға болатынын атап
өткен жөн. Метасананы оқыту жолдарының бірі – өз ойын анық баяндауға үйрету, оны сабақты
жоспарлау кезінде және сыныптағы пікірталастар кезінде ескеру болып табылады. Міндет
– лексиканы қалыптастыру, біз «Бүгін біз… туралы ойлаймыз», «Бұл сабақ… туралы», «Не
туралы ойладық?» деген сауалдарды
ойбағдар ретінде ұсына отырып, біздің сабақ беруіміздің
сипатын аша түсіп, балаларымыздың өзіндік ойлауы мен түсінігінің кемелденуіне көмектесуге
тырысамыз. Пайдаланылған терминдерді түсіндірумен бірге балаларға сол терминдерге өз
сөздерімен анықтама беру міндетін де жүктеу керек.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін идеяларды тудыру барысында креативтілікке
үнемі көңіл бөлінеді. ересектердің көптеген идеяларды бағалай алмауының өзі балаларға көп
идея өндіріп, өзін-өзі бағалаудың келесі кезеңіне ауысуына сеп болады.
идеяларды өндіру
сапасы мәселесінің маңыздылығы балаларда өзін-өзі бағалау қабілеті дамыған сайын өрістей
береді. Бұл жаста өзін-өзі бағалауға ерекше назар аудару қажет, сол үшін балалар өздерінің
болжамдарын өндіру мен зерделеу, сондай-ақ осындай бағалау негізінде өз идеяларын қайта
қарау мүмкіндіктерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: