Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту



Pdf көрінісі
бет60/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай дағдыларын дамыту 
бұл балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті 
екендігі анықталды. Бұл зерттеу 
аталған қабілеттерді дамыту 3-5 жас аралығында болатындығын, сондай-ақ мұғалімдердің 
осы кезеңде жоғары сапалы педагогтік тәсілдерді қолданып, қомақты үлес қоса алатындығын 
көрсетті.
Заманауи түсінік
Зерттеу көрсетіп отырғандай, оқу – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол 
оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің 
біртұтас кешені. Төменде оқушының оқуына қажетті және де оларды дамыту үшін мұғалімнің 
көмегі қажет болатын құзыреттер:


57
• оқудың қалай жүретінін түсіну, оқудың қолайлы стильдерін назарға алу және өмір бойы 
өз бетінше оқудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
• ойлануға жүйелі түрде үйрену;
• өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолда-
рын зерттеу және анықтау;
• оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
• тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік. 
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу 
үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне 
толыққанды қатысу үшін оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек. 
«Қалай оқу керектігін 
үйренудің» 
қозғаушы күші «
метатану
» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ 
сонымен бірге 
оқуды үйрену де 
бар. адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға 
да қабілетті. Тап осы сияқты 
танымдық қабілет 
бар да, сол сияқты 
танымды тану 
да бар. 
«Метатануды» индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау қабілеті 
ретінде сипаттайды. Бейресми түрде, қалай оқу керектігін үйренуді өз бетімен білім алуын 
ойлау және мұндай ойлаудың нәтижелерін кейінгі оқу үдерісінде саналы қолдану деуге болады. 
Бұл үдерісте мұғалім оқушыға: 
• оқу міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
• жеке зияткерлік үдерістерін және олардың қалай ықпал ететінін білуге;
• тапсырмаларды орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
• нақты тапсырма үшін барынша оңтайлы болып табылатын стратегияларды таңдауға 
көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан қалай оқу керектігін үйрену талап етіледі. 
Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар 
аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар 
ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Негізгі алғышарт мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдерінің оқушылардың метатанымдық 
немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады. Оқудың 
әлеуметтік-мәдени теориясын дамыту барысында Выготский оқушының өз бетімен қол 
жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек немесе «маңызды» (ықпалды) адамның көмегімен 
қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады; мұндай оқудың әлеуеттік көлемі «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет