Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет88/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Технологиялық білім (ТБ)
Технологиялық білім 
– оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да 
сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім. 
Бұл білім технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды 
басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға қатысты 
алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды 


82
білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік 
беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды 
поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық 
құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды 
құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.
Пән бойынша технологиялық білім (ПБТБ)
Пән бойынша технологиялық білім 
– технологиялық білім (ТБ) мен пәндік білімнің (ПБ) 
өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. аКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына 
ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, 
алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті 
қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын 
қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.
Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген 
модельдер бар. 
Модельдер 
жаратылыстану жүйелерінің немесе адам жүйелерінің әрекет 
етуі туралы мәлімет алу үшін оларды ғылыми модельдеу үшін жиі қолданылады. Модельдеу 
баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды шынайы әсерлерін көрсету 
үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модельдеу нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін 
болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның қолданылуы қауіпті болса 
не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет