Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Педагогикалық білім (ПедБ)



Pdf көрінісі
бет87/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Педагогикалық білім (ПедБ)
Педагогикалық білім 
– білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін 
білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. 
Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту 
үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға 
қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер 
мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын 
бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің және дағдыларды 
қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, 
олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын 
мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, 
оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. 
21
-суретте 
педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқыту мен оқудың 
тоғыз түйінді 
ұстанымы
сипатталған.


81
21-сурет.
 Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты
жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды 
қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің 
педагогикалық аспектісі болып табылады.
Пән бойынша педагогикалық білім (ПБПБ)
Пән бойынша педагогикалық білім 
мазмұнды педагогикалық ықпалы бар нысандарға 
айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық 
білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). жаратылыстану ғылымдарын 
оқыту тұрғысынан алғанда аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды 
білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас 
байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі 
абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз 
бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле 
алуы тиіс.
ПБПБ оқушыларға ғылыми идеяларды ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын, аса тиімді 
болып табылатын аналогия, суреттеу, мысал ұсыну, түсіндіру және көрсету әдістерін қамтиды. 
Шын мәнінде, ПБПБ оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі 
болып табылады. Сонымен қатар пән бойынша педагогикалық білім мұғалімге оқушылардың 
жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл 
себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде 
әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен 
немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет