61
Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында сыныпта орындалатын
жұмыс барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оқушылардың бойында
бұл тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім береді. Мұғалім
оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын
(16-сурет) және райан мен
Деки (2009) «
ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс.
Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс
пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құламау
түрткі болып табылатын
сыртқы уәжден ажырата білген жөн.
16-сурет. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар
Осы мақсатта мұғалімдер оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйретеді, нәтижесінде
оқушылар жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету үдерісінен рахат алады. Сабақтар
оқушылардың мәселенің бүге-шүгесіне дейін назар аудару қабілеті дамитындай және
тізбектелген сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып, ұзақ уақыт
назарда ұстайтындай етіп құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынталандырады және
сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік береді.
Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді.
Басқаша айтсақ,
оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа
келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз
пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай
алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және
не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: