Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет2/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   508
4
КІРІСПЕ
Бұл  әдістемелік  құрал  «Педагогикалық  қоғамдастықтағы  мұғалім  көшбасшылығы» 
Қазақстан республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан 
әрі – Бағдарлама) туралы ақпараттық-анықтамалық материал болып табылады. Бағдарламаның 
құрамына келесілер кіреді: 
1.  Педагогикалық  шеберлік  орталығының  тәжірибелі  және  білікті  тренерлерінің 
қолдауымен 200-сағаттық «Бетпе-бет» аудиториялық жұмыс;
2.  «Бетпе-бет» оқыту кезеңінің материалдарына қосымша оқуға арналған материалдар
3.  «Бетпе-бет»  кезеңінің  негізінде  құрылымдалып  рәсімделген  және  толық  қолдау 
көрсетілетін «Мектептегі тәжірибе» кезеңі;
4.  синхронды және синхронды емес диалог түрінде онлайн қолдау.
Педагогикалық  шеберлік  орталығында  әзірленген  бағдарламалардың  негіз  қалаушы 
алғышарты  мектеп  мұғалімдері  өзінің  немесе  жалпы  мектептің  оқыту  тәжірибесіне  өзгеріс 
енгізу  әдістерін  біліп  қоймай,  сонымен  қатар  сол  өзгерістердің  себептері  туралы  да  білу 
керектігі болып табылады. Бұның себебі әр сынып пен әр мектеп бірегей болып келетіндігінде, 
сондықтан  барлық  мектептерге  арнап  бірыңғай  тәжірибелік  нұсқаулық  жасау  мүмкін  емес. 
Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі 
жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін 
мектеп  тәжірибесіне  қалай  өзгеріс  енгізіп,  осы  шара  барысында  күтілетін  нәтижелерге  қол 
жеткізілгенін қалай бағамдау қажеттігін терең түсінуді көздейді.
Бағдарлама  бойынша  біліктілікті  арттырудың  «Бетпе-бет»  оқыту  кезеңдерінде  және 
мектептегі тәжірибе кезеңінде мұғалімдер осы «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» әдістемелік 
құралына (бұдан әрі – Нұсқаулық) сүйенетін болады.
Бағдарламаны игерген мұғалімдердің негізгі функциясы біріншіден, қуатты педагогикалық 
құралдарды өз тәжірибесіне ықпалдастыру арқылы өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа 
тәсілдерді енгізу болып табылады. екіншіден, мектептегі әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал 
ету мақсатында коучинг өткізіп, әріптестерін тәлімгерлікке алады. Үшіншіден, әріптестерінің 
озық  тәжірибелермен  бөлісу  арқылы  мектебін  жетілдіру  мақсатында  педагогикалық 
қоғамдастықтың жұмыс жоспарын әзірлейді. Өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай жүзеге 
асыру үшін Бағдарламаны игерген мұғалімдерге тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап 
өткізу,  сонымен  бірге  әріптестерінің  қажеттіліктеріне  қарай  коучинг  ұйымдастырып,  бір 
әріптесіне тәлімгер болу қажет болады. Өз мектебінің мұғалімдерін қоғамдастыққа тартып, 
олармен  бірлесіп  жұмыс  істейді.  Бағдарламаны  игерген  мұғалімдер  алға  ілгерілеу  бар  ма 
екендігін  қадағалап  отыру  үшін,  өзгеріс  енгізу  барысында  туындаған  кедергілерді  жою 
мақсатында қолдау көрсетуге және бұл өзгерістердің оқыту тәжірибесіне ықпалын бағамдауға 
жауап береді (1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет