Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл



Pdf көрінісі
бет78/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   508
Оқудағы әлеуметтік–жағдаяттық тәсіл 
Оқушылар  әлемді  түсіну  үшін  құрылымдар  мен  модельдерді  игеріп  қана  қоймай,  өз 
құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қоғамдастықтарға қатысуды 
көздейді.
Психологияда адамдар бақылау арқылы қалай оқитынын бірінші зерттеген бихевиористер 
болды.  Кейінірек  зерттеуші  альберт  Бандура  өзара  әрекеттестікті  және  танымдық  үдерісті 
зерттеді.  Субъектілерге  басқалардың  мінез-құлқының  салдарын  көруге,  әртүрлі  мінез-
құлықтың  салдары  туралы  белгілі  түсінік  алуға  мүмкіндік  беретін  тәсілдің  бірі  –  бақылау. 
егер  адамдар  не  істеу  керек  екендігін  білу  үшін  тек  өзінің  іс-қимылдарының  әсеріне  ғана 
сүйенсе, оқу ерекше жалықтыратын, тіпті қауіпті болар еді. Көбінесе адамның мінез-құлқы 
бақылау, модельдер құру арқылы зерделенеді: басқаларды бақылай отырып, жаңа мінез-құлық 
қалай қалыптасатынын түсінуге болады және кейін бұл кодталған ақпарат іс-әрекет жасауға 
басшылық етеді (Bandura, 1977). Мінез-құлыққа назар аудару, оны ықтимал модель немесе 
парадигма ретінде есте сақтап, түрлі жағдайларда оның қалай көрініс беруі мүмкін екенін 
болжау (репетиция) – бақылауға негізделген оқудың негізгі аспектілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет