Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет232/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

123
ГЛОССАРИй
әлеуметтік білім 
алушы
– субъект бақылау немесе басқа адамдармен бірге әрекет ету барысында өз 
еркінен тыс білім алатын оқыту түрі. Bersin & Associates мамандары әлеуметтік 
оқыту технологиясының жеті бөлшегін атады: әңгіме (conversation), байланыс 
(connection),  бірлескен  жұмыс  (collaboration),  контент  (content),  [контентті] 
пайдалану ыңғайлылығы (consumption), бақылау (control) және тұтынушылар 
контентін құру мүмкіндігі (contribution).
әңгіме жүргізудің 
сократтық әдісі
– (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудармасы - босанатын әйелге көмек көрсету) 
сұрақтарды  шеберлікпен  қою  арқылы  адам  бойындағы  жасырын  білімді 
жарыққа  шығару  әдісі.  Педагогикада  Әңгіме  жүргізудің  сократтық  әдісі 
бағыттаушы  сұрақтар  мен  пікірталастар  орталық  орын  алатын  оқыту  түрі 
деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен оқушылардың ақиқат 
туралы  түсінігін  бұзып,  кейін  олар  өз  ұстанымдарын  қорғай  отырып,  оны 
қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты қоя берген. 
Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні – әңгімелесушінің «барлық нәрсе 
жайлы білемін» деген орныққан пікіріне қарамастан, шындығына келгенде, 
көп  нәрсені  білмейтіндігіне  көзін  жеткізу.  «Ізденіссіз  өмір  сүрудің  қажеті 
жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана 
мәжбүрлей аламын» – Әңгіме жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы 
ойды желеу ету қажет болады.
Бағамдау
- (ағылш. evaluation) білім беруді ұйымдастырумен, оқу, тәрбиелеу және даму 
үдерістерімен байланысты жағдайларды, құбылыстарды және іс-әрекеттерді 
жүйелі  зерттеу  және  баға  беру.  Бақылаушы  және  қадағалаушы  сипаты 
жоқ.  Ол  ақпаратты  жүйелі  түрде  ашық  жинақтау  және  талдау  негізінде, 
белгіленген  мақсаттармен,  критерийлермен  және  құндылықтармен  жүйелі 
түрде  салыстыру  негізінде  ұйымның  жұмысының  тиімділігін  анықтау 
және жетілдіру мақсатында ұйым ішінде, сондай-ақ сыртқы сарапшыларды 
тарту арқылы өткізіледі. Бағамдаудың өзіне тән ерекшеліктері: жетілдіруге 
бағдарлау, диалог түрінде өтуі, жазаның қолданылмауы. Бағамдау мұғалімді 
«тексеруге» емес, оған қолдау көрсетіп, дамуына көмектесуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет