Білім алушылардың кәсіби қоғамдастығы мектеп қызметкерлерінен, оқушыларынан және ата-аналардан тұратын
жалпы мектептік қоғамдастық, оның мақсаты тығыз өзара әрекеттестік пен
ынтымақтастық орнату арқылы өздерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз
жетілдіру болып табылады.
Бірлескен оқу - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы
тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы
әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске
қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау
және жинақтау арқылы жаңа білім алады. жұмыс тиімді болу үшін бірлескен
оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында
бөлінеді. Бірлескен оқудың алғышарты топ мүшелерінің ұжымдасып әрекет
етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуіне негізделген.