Оқытудағы көшбасшылық және басқару
Пікірталастың нақты тақырыбы мұғалімдердің кәсіби өсуіне және бірлескен кәсіби
білім алуына ықпал ететін қолдаумен қамтамасыз етілген кезде пайда болатын педагогикалық
жетілдірудің пайдаланылмаған әлеуеті бар деген сенімге негізделген.
Бұл көзқарасты "HertsCam Network" желісі және "Мұғалім көшбасшылығы "
халықаралық жобасы қолдайды. Ол педагогикалық жүйе үшін, табысты болу үшін оқыту
барлық деңгейлерде қатар жүргізілуі керек деген сенімге негізделген; яғни
оқушыларға/студенттерге, оқу - көмекші қызметкерлерге, мектептер мен олар жұмыс істейтін
жүйелерге арналған оқыту (MacBeath et al., 2006).
Модульдің мазмұндық компоненті кез келген білім беру жүйесіндегі тұрақты даму мен
өзгерістерді сырттан енгізу мүмкін емес деген сенімге негізделеді, олар нақты сыныптардағы
мұғалімдердің түсінігі мен тәжірибесіндегі өзгерістерден бастау алуы тиіс. Бағдарламаның
негізгі идеясы - өзгерістерді барлық деңгейдегі мұғалімдер тәжірибе мен саясатты сыни
бағалау, өзгерту және қайта бағалау нәтижесінде бастайды. Көшбасшылық бағдарлама
барысында мұғалімнің енгізген өзгерістері ретінде қарастырылады. Осыған байланысты,
әртүрлі деңгейлерде оған назар аударуға көмектесу үшін Бағдарламадағы мұғалімнің
көшбасшылығы жеке модульмен анықталады.
Осы модульде, атап айтқанда 3-деңгейде бейімделген көшбасшылыққа көзқарас
20
"Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту бойынша жұмыс" (Кембридж университетінің
жобасы) қағидатына негізделген, оның мәнмәтінінде мұғалімдер бағдарламада қаралатын
идеялар аспектісінде өз тәжірибесі туралы ойлау барысында өзгереді. Олар аталған идеяларға
сәйкес өз тәжірибелерінің жеке сәттерін анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады.
Бұл модуль мұғалімдердің сыни ойлау қабілетіне байланысты және осыған байланысты
"Сыни ойлауға үйрету" модулімен тығыз байланысты.
|