Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет4/9
Дата14.11.2022
өлшемі66,1 Kb.
#50087
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспективалық жоспар кіші топ-1

іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалдысыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Еркетай» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы желтоқсан айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

желтоқсан

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.
Қимылды ойындар.
Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру.



Сөйлеуді дамыту

Сөздік қорды қалыптастыру.
Балалардың сөздік қорын:
жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) сұрақтарға жауап беруге үйрету.



Көркем әдебиет

Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.
Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуға мүмкіндік беру.






Сенсорика/ Математика негіздері

Түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.



Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.
Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолда
Адамгершілікке баулу.
Жақындарының жағдайын эмоционалды қабылдай білуге тәрбиелеу (жанашырлық, қамқорлық таныту). Ата-аналарын сыйлауға тәрбиелеу.



Құрастыру

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өзбетінше құрастыру.



Сурет салу

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.



Мүсіндеу

Табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат және т.б.) мүсіндеу.



Жапсыру

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, жапсыруға үйрету.



Музыка

Музыка тыңдау:
Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.
Ән айту:
Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.


Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет