Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған



бет1/9
Дата14.11.2022
өлшемі66,1 Kb.
#50087
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Перспективалық жоспар кіші топ-1


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған
іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалдысыныбы) МКҚК №102 «Балапан» балабақшасы
Топ/сынып «Еркетай» кіші тобы
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) 2022-2023 оқу жылы қыркүйек айы

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қыркүейек

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею.



Сөйлеуді дамыту

1)айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;
2)дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) еліктеу сөздерін қолдана отырып дұрыс айтуды;
3)дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың қарқынын, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуды қалыптастыру.



Көркем әдебиет

ертегілердің,әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалау






Сенсорика/ Математика негіздері

Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау.



Қоршаған ортамен таныстыру

Бір-бірінің атын атап, қарым-қатынас жасай алуы, жолдастарының есімдерін есте сақтау

Құрастыру

1)құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруға үйрету;
2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру

Сурет салу

Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту. Балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту.

Мүсіндеу

балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру



Жапсыру

Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.



Музыка

Музыка тыңдау:
1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;
Ән айту:
2)ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;

Ескерту: перспективалық жоспарды тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыка жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін құрастырады.




Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет