Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы (балабақша / шағын орталық, мектепалды сыныбы)____________________________________
Топ: ересек топ
Балалардың жасы: 4-5 жас.
Жоспардың құрылу кезеңі: қыргүйек айы, 2022-2023 оқу жылы.
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Қыргүйек
Дене шынықтыру
- балалардың қимыл әрекеттерін ұйымдастырудың түрлі нысандарында қимылдарды
дұрыс орындау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, қозғалыстарды үйлестіру, шыдамдылық,
тепе-теңдікті сақтау, икемділік;
- түрлі қимыл біліктері мен дағдылары арқылы тәрбиеленушілердің шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
- жүру мен жүгіруде, секіру мен лақтыруда, қағып алуда, еңбектеу мен өрмелеуде
негізгі қимыл түрлерін, жеке гигиена дағдыларын және денсаулықты сақтау негіздерін жетілдіру;
- дене шынықтыру жаттығуларын орындауға қызығушылықты, саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу,
- түрлі қимылды ұлттық ойындарды, жарыс сипатындағы ойындарды өткізу.
1) жүру. Сапта бір-бірден, екеуден, аяқтың ұшымен, өкшемен, табанмен, табанның ішкі жағымен, тізені жоғары көтеріп, қысқа және алшақ адымдап жүру. Қозғалыс бағытын өзгертіп жүру, "жыланша" ирелеңдеп жүру, бытырап, қосымша қадаммен алға, шет жағына жүру. Жүруді жүгірумен, секірумен кезектестіріп, бағытты, қарқынды өзгертіп жүру. Жүруді басқа қимылдармен кезектестіріп, белгі бойынша тоқтап жүру.
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар.
Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында әртүрлі таныс дене жаттығуларын орындау.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау, төбешіктен сырғанау, бір-бірін сырғанату;
2) сырғанау, мұзды жолдармен өздігінен сырғанау;
3) велосипед, самокат тебу, үш дөңгелекті велосипед және самокат тебу. Оңға, солға
бұрылыстарды орындау;
4) Жүзуге дайындық. Суға түсу, суда ойнау. Суда отырып, аяқтарын жоғары және
төмен көтеріп, қимылдар орындау. Судан шығу.
Спорттық ойын элементтері:
1) кегли. Дұрыс бастапқы қалыпта тұрып, түрлі бағытта қойылған доптарды лақтыру;
2) футбол. Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға домалату;
3) хоккей. Берілген бағытта шайбаны таяқпен домалату, оны қақпаға домалатып
кіргізу.
Дербес қимыл белсенділігі.
Балалардың доптармен, құрсаулармен, ойыншықтармен ойындарын жетілдіру, дене шынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындар үшін атрибуттарды пайдалануға ынталандыру. Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға ынталандыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Жалпы және жергілікті су
шараларын жүргізуді жалғастыру: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю, сауықтыруға арналған жүгіру. Тыныс алу жолдарын шынықтыру, жалаң аяқ жүру.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Бұрын игерген біліктерін бекіту және олардың орындалу сапасын жоғарылату.
Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. Гигиеналық шараларды орындау: жуыну, шашын тарау, қолды сабынмен жуу, қол орамалды қолдану.
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, үнді және ызың дыбыстарды анық айтуды үйрету.
Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.
Көркем әдебиет
1) оқу, әңгімелеу.
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету; әдеби шығармаларда бейнеленген қоғамдық өмір, табиғат, қоршаған орта оқиғалары, Қазақстан халқының өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру;
Қазақ тілі
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
1) қазақ тілінде айтылған сөздерді мұқият тыңдауды, сондай-ақ осы сөздерді дұрыс айтуды және еске сақтауды; қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуды үйрету;
2) сөйлеу тілін және артикуляциялық аппаратты дамыту.
Сөздік қор:
1) қоршаған ортада жиі қолданылатын сөздер туралы білімді кеңейту;
2) таныс сөздерді күнделікті өмірде қолдануды үйрету.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымы:
1) 2-3 сөзден тұратын қарапайым сөйлемдерді түсінуді және сөз тіркестерін құруды үйрету;
2) сөйлеуде зат есімдердің жекеше және көпше түрін қолдану дағдысын қалыптастыру;
Байланыстыра сөйлеу.
Сұрақтарға қарапайым сөйлемдермен жауап беруді үйрету. Қысқа шығармаларды тыңдауды, түсінуді, тақпақтар оқуды үйрету.
Математика негіздері
Жиын:
1) әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру; салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру
Тірі және өлі табиғат құбылыстары мен заттары:
өлі табиғат нысандары - су, жер, ауа, күннің көзі туралы білімдерін кеңейту; табиғат құбылыстары: жел, жаңбыр, тұман туралы түсініктерін қалыптастыру.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру;
2) сызбаны қолданып, ірі және ұсақ құрылыс материалынан құрастыру; 3) үлгі бойынша құрастыру;
4) умаждау, жырту, шиыршықтауды қолданып, қағаз парақтарын көлемді пішіндерге айналдыру.
Сурет салу
Заттық сурет салу.
Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулар, қарындаштар, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.
Келесі біліктерді қалыптастыру.
Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) көгөністер мен жемістерді, ыдыстар, ойыншықтар, жануарларды бейнелеу;
2) дөңгелек пішінді заттарды салу;
3) техникалық дағдылар мен біліктерді игеру.
Мүсіндеу
Заттық мүсіндеу.
Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеудің келесі дағдыларын қалыптастыру:
1) түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу;
2) түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып,
үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін жасау;
Жапсыру
Заттық жапсыру:
1) қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.
2) текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қиюға, ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге, желімді, сүлгіні қолдануды үйрету.
Музыка
Музыка тыңдау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту.
Ән айту.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау, әуенді дұрыс, нақты интонациялау, сөздерді
дәл айту дағдыларын қалыптастыру;
Музыкалық-ырғақтық қимылдар.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Билер.
Әуеннің көңілді би сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату,
содан кейін қимылды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарын, билерді, ойындарды есте сақтау.
Ойындар, хороводтар.
Әннің мәтініне сәйкес ойын қимылдарымен сүйемелдей отырып, әнді көңілді және
емін-еркін әндету, хор айтуды шеңбер бойымен жүргізу, музыкалық фразаларға сәйкес қимылдарды өзгерту; шапшаңдық пен икемділік таныту, пьесаның соңын белгілеу, халық ойындарының көңілді сипатын беру, дыбыстарды жоғарылығы бойынша ажырату, үлкен шеңберге және шашырап тұру.
Балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы. Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) фортепиано сүйемелдеуіндегі балалар музыкалық аспаптарында ересектердің орындауындағы би әуенін тыңдау;