Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары Төзімділікті дамытуға бағытталған дене жаттығулары.Екі қолды мейлінше жоғары көтеріп тұру.
Бөлімі:5-бөлім.Денсаулық және физикалық белсенділік.
Мұғалім аты-жөні:Нишанов Нуржан Толегенович.
Күні: 06.02.2023
Сынып: 3 А
Қатысушылар саны: 23
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Төзімділікті дамытуға бағытталған дене жаттығулары.Екі қолды мейлінше жоғары көтеріп тұру.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: 3.1.3.1-дене жаттығуларының ретін сақтау.
Сабақтың мақсаты: Қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзгермелі жағдайға жауап қайтару білуге бейімделу.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 15 минут
Оқушылардың көңіл-күйін,спорттық киімін,келмеген оқушыны анықтау. Қатарға түзу тұруын,сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын,жаттығулар ережеге сай орындалуын қадағалау.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.
Сапқа тұру.Сәлемдесу.
Мәлімдеме қабылдау.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.Саптық жаттығулар көрсету.Техника қауіпсіздігін.ескерту.
Жүру және жүгіру, бой жазу жалпы дамыту жаттығуларын орындау.Тыныс алу қалпына келтіру.
Қозғалыс әрекеттерін бақылайды.қимыл-қозғалыс үйлесімділігін сақтайды.Басбармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Әр жаттығу үшін кең,таза бос кеңістік.Алдыңғы білімді еске түсіру.
Ысқырық,доптар.
Уақыт өлшеуіш.
Сабақтың ортасы 25 минут
Гимнастикалық жаттығуларды орындау.
Пионербол ойыны.
Оқушылар екі бірдей командаға бөлінеді.Командалар волейбол торының екі жағында тұрып,волейбол добын қарсылас командаға тордан асыра лақтырады.Мұғалімнің ысқырықпен берген белгісі бойынша,команда ойынды бастайды.Допты жерге түсірмей,екінші команда қағып алу керек.Жерге түскен доп ұпайға есептеледі.Көбірек допты түсірген команда жеңіске жетеді.Допты түсіріп алған команда,қарсылас командаға допты беріп ойынды жалғастырады.Допты беру кезінде ойыншыларды тордан өткізуге болмайды.
.Ойынның ережесімен ойналуын қадағалау.
Екі қолды жоғары көтеріп тұру жаттығуларды орындап көрсету. Жаттығулардың қауіпсіздік ережесін сақтап,сыныптасының ,мұғалімнің көмегімен тапсырмалардың жасауын қадағалау.
Пионербол ойынын ережесімен ойнайды.
Команда құрып оқушылар допты қағып алып,жылдам беру ойынын көрсетеді.
Командалық ойында өз мінез-құлқын қалай жақсарта алатындығын бағалаңыз.Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды.Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі.
Ойын барысында қимыл-қозғалыс әрекеттерін орындайды.
Сабақтың соңы 5 минут
Сабақты қорытындылау.Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді.Мадақтау.Бағалау.Сапқа тұрғызып үйге тапсырма беру.
Тыныс алу жатығуларын орындау арқылы сапқа тұрады.Мұғалімнің сұрағына жауап береді.