Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.
Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту.
Сөздік қор.
Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.
Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау.
Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен, еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға, зат есімдерді жекеше және көпше түрде үйрету.
Байланыстырып сөйлеу.
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету.
Көркем әдебиет
|
- балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты дамыту;
- балаларға жастарына сәйкес тыңдауға, сахналауға, тәрбиелік мәні бар әдеби шығармаларды ұсыну.
Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |