Тірі және өлі табиғат құбылыстары мен заттары:. Ауа-райының жағдайын анықтау, табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау.
Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу: Өсімдіктер әлемі. Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру
Жануарлар әлемі: Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.
Менің отбасым:Өзінің отбасы, отбасылық қарым-қатынас туралы әңгімелеп беру дағдыларын қалыптастыру;
Көлік, байланыс құралдары. Жерде жүретін және ауада ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін бекіту.
Ересектердің еңбегі. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру.
Менің -Отаным Қазақстан:Қазақстан - менің Отаным
Жолда жүру ережелері: Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалының негізгі бөлшектері, олардың бөлшектері туралы білімді қалыптастыру
Қағаздан құрастыру: Қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге үйрету.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру: Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу
Конструктор бөлшектерінен құрастыру:Конструктордан ойынға арналған ғимарат құрастыру дағдыларын қалыптастыру, бөлшектерді бекіту тәсілдері мен ғимарат жасау туралы білімдерін жетілдіру.